Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қызықты ертегілер
«Айгөлек» ІІ кіші топ
Білім беру саласы: «Қатынас», «әлеуметтік орта»
Бөлімдері: Көркем әдебиет, құрастыру
Тақырыбы: Қызықты ертегілер
Мақсаты: Ертегідегі кейіпкерлерді атай білу, заттардың түсін, көлемін ажырата білу. Балаларға қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Достық пен жанашырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Шалқан, жеті лақ пен қасқыр, үйшік, қызыл телпек, қоянның үйі ертегі желісі бойынша суреттер, Луллия шеңбері.
Әдіс - тәсілдері:. Дидактикалық ойын, сұрақ - жауап.
Үштұғырлық: Ертегі – сказка - fairy tale

Мотивациялық - қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Шаттыққа толы жүрекпен
Қуанамын мен де, (Өзін көрсетеді)
Қуанасың сен де, (Жанындағы досын көрсетеді)
Қуанайық достарым, (Бір - бірінің қолдарын ұстайды)
Арайлап атқан күнге! (Қолдарын жоғары көтереді)

Ұйымдастырушы - лық - ізденушілік
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Онда қандай көлікпен барамыз балалар?
Ендеше балалар автобуспен ертегілер еліне бармыз. Қане барлығымыз автобусқа отырайық. Ол үшін бізге не керек. Күшіктер белгісі бар.
Міне ертегілер еліне де келіп жеттік.
- Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
- Қане қандай ертегілерді білесіңдер? Атап беріңдерші?
Балалар мына суреттерге қараңдаршы. Қандай ертегі? Мұнда не жетіспейді?

Бауырсақ қайда деп ойлайсыңдар?
Апа мен ата сендерден көмек сұрайды. Бауырсақты тауып беріңдерші дейді.
Ендеше қазір біз ертегілер елінен бауырсақты іздейміз.
1. Дидактикалық ойын. «Кім шапшаң». Столға ертегілерден алынған кейіпкерлер қойылады. Балалар сол кейіпкерлерді қай ертегіден алынғанын айтып, ағашқа іледі.

2. «Ғажайып қорапша». Ішінен мозайка шығады. Мына жерде мозайка жатыр соларды құрастырып, қандай ертегі екенін айту. Балалар 4 топқа бөлінеді.
Бауырсақты тауып алады. Балалар бауырсақтың бізге арналған сұрақтары бар екен. Ол үшін алдымен бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
Асықпаймыз, асықпаймыз
Ойынымызды біз бастаймыз
Жүгіреміз, жүгіреміз
Баяулаймыз, біз тоқтаймыз
Бір, екі, бір, екі
Ойын осымен бітті

Балалар бауырсақты атасы мен апасына апарайық. Бірақ бауырсақтың бізге ойыны бар екен?
Кольцо луллия:
1. Түлкі қайда өмір сүреді?
2. Бауырсақты кім пісірді?
3. Шалқанды кім екті?
4. Бауырсақты не жеп қойды?
5. Бақа қай ертегіде бар?
6. Жеті лақтың анасы?
7. Мынау қандай ертегі?
8. Қоян неге жылап отыр? Қай ертегіден?
9. Қоянға үйін алуға кім көмектесті?
Бауырсақ: балалар сендерге рахмет.
Тәрбиеші: Балалар бауырсақты ата мен апаға апарайық.
Балалар ата мен апаның сендерге арналған төсбелгілері бар екен.
Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар, балабақшаға қайтайық.

«Шығыс Балдырған» ЖШС
Тәрбиеші: Темирханова А. Е.
Қызықты ертегілер жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама