Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қызықты география
География пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: «Қызықты география» (ойын сабағы)
Мақсаты:
Білімділік балалардың алған білімі мен дағдысын тексеру, пәнге деген қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: балаларды өз бетімен еңбектенуге, картамен жұмыс істеуге, тапқырлыққа, белсенділікке, табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі ойын сабақ.
Сабақтың барысы: Сыныпты екі топқа бөлдім: «Меридиан», «Параллель».
Ойын сабақ 8 кезеңнен тұрады. Әр кезеңдегі сұраққа жауап берсе, 1 ұпай есептелінеді.
1 - кезең. «Сен маған, мен саған».
Мұнда әр топ мүшелері қарсы топқа дайындап келген сұрақтарын қояды.
2 - кезең. «Тапқыр болсаң, тауып көр». Жұмбақ шешу.
«Меридиан»тобы:
Аяғы жоқ жүреді,
Жоғарыдан төмендеп.
(Су)
Зу - зу етеді,
Түртіп кетеді.
(Жел)
Тас тәрізді түрі бар,
Жақсаң – үйің жылынар.
(Көмір)
Аппақ қудай басы бар,
Сан ғасырлық жасы бар.
(Тау)
Мен ылғи таң қаламын көремін де,
Төрт емес, бір маусым бар ол өңірде?
(Экватор)
«Параллель» тобы:
Еркелеп жатамын,
Қаңтарда қатамын.
(Көл)
Үйге кірдің қара жер,
Назарыңды сала көр.
Шыр үйіріп, үңіліп,
Іздегеніңді таба бер.
(Глобус)
Суды шашып бұрқақша,
Мұхиттарда жүреді.
(Кит)
Бір ғажап әлемде жоқ
аймақ көрдім
Алты ай түн, алты ай
күндіз жайлап келдім.
(Арктика)
Сылдыраған суы бар,
Бұрқыраған буы бар.
(Бұлт)

3 - кезең. «Бәйге» ойыны. Кім бірінші жауап береді?
1. Қанша материк және мұхит бар?
2. Су массалары дегеніміз не?
3. Климаттық белдеулерді ата.
4. Гидросфера дегеніміз не? Оның құрамдас бөліктері қандай?
5. Жел дегеніміз не?
6. Атмосфера дегеніміз не?
7. Жер бедері дегеніміз не?
8. Мұхит суының қасиеті.
9. Дүниежүзіндегі ең ірі ағыстар.
10. Ауа массалары дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

4 - кезең. Кім картаны жақсы біледі?
Географиялық объектілерді картадан көрсету.

«Меридиан» тобына:
1. Қара теңіз.
2. Жерорта теңізі.
3. Гималай тауы.
4. Гибралтар бұғазы.
5. Хуанхэ өзені.
6. Батыс желдер ағысы.
7. Каспий теңізі.
8. Ніл өзені.
9. Арабия түбегі.
10. Отты жер аралы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама