- 08 қыр. 2021 00:00
- 181
Қолдан хош иісті заттар жасау (сабындар, иіс сулар, жуғыш заттар)
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «№ 90 гимназия» КММ
Орындаған: Ахмади Мүбарак, Бақыт Аружан 2 Ә» сынып окушысы
Секциясы: химия-биология
Жоба жетекшісі: Жакупбекова Алия Жунусовна, бастауыш сынып мұғалімі
Бір күні ауылдағы әжемнің әңгімесінен кейін, хош иісті заттар, сабын жасап үйрену осылай басталды. Жаңаша бірдеңе үйрену өте қызық сияқты көрінді. Біріншісі 2019 жылдың жазында жасап көріп, қателіктерді көп жібердім. Сабынды ыдыстың өзіне салып күйдірген кезім де болды, май қосуды ұмытып қош иістендіргіштермен жасап шығарған сабындарым да болды. Сол кездегі қуаныш әлі есімнен кетпейді. Сабынның барлығын дерлік сыйлыққа таратып жібердім. Екі сабынды ғана саттым. Бұл жолғыларым сатып көрейін деген оймен жасалған, тағы да сыйлыққа кетіп қалмаса деп ойлап жүрдім...
Бұл сабын жасаудың сырын сыныптас досым Аружанға айттым.Ол сабынның түрін тәп-тәуір табыс табатын бизнеске де айналдыруға болатындығын зерттеп, ғаламтордан сабын жасау туралы, хош иісті заттар туралы өте көп, әрі қызықты мәліметтер қосты.Іздену басқа оқушылардың қызығушылығын оятады екен, достарымызға таңғажайып табиғаттан алынатын - сабын және хош иісті заттардың үй жағдайында жасалу жолдары жайлы, жуғыш заттар туралы, ароматерапия туралы қызыға айтып бердік.
«Қолдан хош иісті заттар жасау (сабындар, иіс сулар, жуғыш заттар)» тақырыбындағы ғылыми жоба жазу туралы жетекшім Алия Жунусовнаға айтып, ғаламтор мәліметтеріне, қалалық және мектепішілік кітаптар мен анықтамалық журналдардан, сонымен қатар мамандармен пікір алмасу нәтижесінде көптеген мәліметтерді толықтырдық. Өз зерттеуімізде сыныптастарымызбен бірге ата – анамыз бірлесе отырып, арнайы жуғыш заттардың, хош иісті заттардың адам денсаулығына зиянымен қоса жасөспірімдердің денсаулығына кері әсерлерін бірге анықтадық.
Жетекшіміз қазіргі пандемия кезінде бұл хош иісті заттарды үй жағдайында жасаумен қоса пайдасын да еңбектеніп барлық керек мәліметтерді жинақтау керектігін ескертті. Оны жан – жақты зерттеп балалардың осы аталып отырған зиянды заттардың арқасында түрлі ауруларға шалдығып жатқанын және түрлі аллергиялық жақтарын жас ұрпаққа таныстырып алдын алуға болатындығы туралы мектепте әртүрлі іс – шаралар жүргізіп «Хош иісті заттардың адам ағзасына әсері» атты қабырға газеттерін ұйымдастырды, сонымен қатар өз сыныптастарымен сыныпта дебат «Өз денсаулығыңда зиянды заттардан қорға» атты тақырыпта жұмыстар ұйымдастырылды.
Достарымызбен, сыныптастарымызбен бірге хош иісті заттар жайлы сауалнама жүргіздік. Нәтижесінде хош иісті заттарадың қаншалықты зиянды екенін және олардың құрамындағы заттардың өз денсаулығына зиянын біле бермейтіндігін және сақталу мерзіміне қарау керектігі жайында үгіт насихаттар жүргізілді. Болашақта дәрігер болғымыз келген біздерге өз мамандығымызға хош иісті заттардың адам денсаулығына зиянын қаншалықты екендігін әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізіп салауатты өмір салтын қолдайтынын осы жұмыстардан көрініп тұрғанын аңғардық.
Осы ғылыми жұмысымызды толық жазып,мектепішілік зерттеу жұмысына қатысып, «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңінде жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталдық. Сөйтіп өзіміздің зерттеген ғылыми жұмысымыздың – «Хош иісті заттардың адам ағзасына әсерін және оны үй жағдайындағы дайындау технологиясын зерттеу, үйрену»-деген мақсатымызға қол жеткіздік.