Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қоршаған ортаның ластануы
Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаның ластануы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қоршаған ортаның ластануы мен қоғамның экологиялық мәселесі туралы білімін бекіту, тереңдету
Дамытушылық: Әр түрлі ақпараттармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, алған білімін нақты өмірлік жағдайда қолдана білуге үйрету
Тәрбиелік: Экологиялық мәселелер мен қоршаған ортаның ластану сұрақтарын шешу бойынша оқушылардың адамгершілік, азаматтық ұстанымы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Сабақтың міндеті: Тақырып бойынша берілген проблемалық сұрақтарға талдау жасату, шешім қабылдау

Эпиграф: «Адам табиғатты тұтынушы ғана емес, сонымен қатар бағындырушы.
Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз, ол бізге тәуелді» (Ш. Айтматов)
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың түрі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, тапсырма орындату
Әдіс - тәсілі: Ауызша әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану - Экология
Көрнекілік: Фотосуреттер, ұлағатты сөздер, тірек - сызбалар, Қазақстанның физикалық картасы, карточка, тест

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа материалды игерту
ІV. Бекіту
V. Бағалау
VІ. Қорытынды
VІІ. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу. Оқу - құрал жабдықтарын қадағалай отырып, түгендеу.
Көңіл күйлеріне мән бере отырып, үйге берілген тапсырманы сұрау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылардың назарын үй тапсырмасына аударамын да, төменгі сұрақтарды қоямын:
1. Адамдардың шаруашылық әрекетінен табиғаттың өзгеруін неден байқауға болады?
2. Үлкен қалалардың шоғырлануы табиғи ортаға қандай әсерін тигізді?
3. Жер шарындағы адам санының күрт көбею неге әкеп соқты?
4. Табиғи жүйенің түпкілікті өзгеруінен қандай проблемалар туындауы мүмкін?
5. Ауа райының күрт жылынуының салдары қандай болмақ?
Бүгінгі сабақта үй тапсырмасы мынадай оқушылардан ауызша сұралады:
Қазбекова Г., Ақсақалов Ж., Советқали Ж., Мэлсов А., Дәулетбаева Ш.
Аталған оқушылардан үй тапсырмасы ауызша түрде сұралады. Ал қалған оқушыларға
карточкалармен жұмыс тапсырмасы беріледі.

Карточка № 1
Қазіргі кезде адамдардың шаруашылық қызметі табиғат тепе - теңдігіне қалай әсер етіп отыр
Карточка № 2
Орманға демалуға барғанда жаққан отынды өшірмесе табиғи ортаға қандай зиян келтіреді
Карточка № 3
Өнеркәсіп орындарының табиғатқа әкелетін залалы
Карточка № 4
Ерте кездегі адамдар табиғатты қалай пайдаланды
Карточка №5
Не себепті қала мен орманда ауаның құрамы біркелкі емес?
Карточка №6
Ауа қандай жағдайлардан ластанады?

ІІІ. Жаңа материалды игерту.
Кіріспе.
Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын мынадай проблемалық сұрақтар қоямын
1. Егер адам табиғатты қорғамаса қандай жағдай болар еді?
2. Табиғатты қорғау үшін қандай шара қолдану керек?
Оқушылармен бірігіп мынадай қорытынды жасаймын.
1. Өндіріс орындарында біртіндеп тазалаушы қондырғыларды орнату.
2. Зияны аз деген отын түрлерін пайдалану.
3. Қалдықсыз технологияға көшу.
4. Табиғи байлықты тиімді пайдалану.
5. Флора мен фаунаның жойылып кетуінен сақтайтын іс - шараларды жедел түрде ұйымдастыру.

Бүгін біздің өтетін тақырыбымыз «Қоршаған ортаның ластануы».
«Қоршаған орта» сөзіне түсінік беру. Қоршаған орта - адамдар, өсімдікпен жануарлар дүниесінің бірлесіп өмір сүру ортасы. Оның құрамына гидросфера, атмосфера, литосфера, биосфера мен жерге жақын ғарыштық кеңістік жатады. Адам табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан, табиғаттан тыс өмір сүре алмайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама