Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қосағұл мен шаштараз

Қосағұл дейтін кісі шашын алдыруға келіпті. Шаштараздың Қожағұлмен ептеп әзілі бар екен. Қайтер екен деп, шаштараз оның шашын өтпес ұстарамен алады.

Қиналса да, Қожағұл тырп етпей отырыпты. Оның шашын алып болғаннан кейін шаштараз:

— Қалай ұстара жақсы алды ма? — депті. Сонда Қожағұл:

— Ұстараңыздың жақсы алғаны соншалық — ұйықтап кетіп, түс көріппін, — депті.

— Е, не түс көрдіңіз?

— Түсімде ауылымыздағы Есалының төбеті басымды тырналап, шашымды тістеп жұлып жатыр екен. Сонан шошып ояна кетсем: «шашыңызды ұстара жақсы алды ма?» — деп сұрап тұрған сізді көрдім, — депті.

Шаштараз ұялғанынан бір қызарып, бір бозарып, үндемепті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама