Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қош бол,балабақша
Мақсаты: Балалардың білім, мектеп туралы түсініктерін кеңейту. Ата аналарын, ұстаздарын құрметтеуге тәрбиелеу. Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау.
(Музыка залы мерекеге сай безендірілген. Балалар залға қолдарына шар ұстап кіреді. Шармен көңілді би билеп, би соңында шарды ұшырып жібереді. Балалар орындарына жайғасады.) (Ортаға 2 бала шығып бастайды)
1 - бала: Құрметті ата - аналар, армысыздар!
Бәріңіз де есен - сау бармысыздар!
Қош келдіңіз қоштасу тойымызға
Ән салып, би билейміз алдыңызда
2 - бала: Қадірлі ұстаздарым армысыздар!
Сіздер де аман - есен бармысыздар!
Балалық көңіліммен басымды ием
Сіздерге айтатын көп алғысым бар.
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгін міне, №43 «Арман»балабақшасынан тағы да бір топ бүлдіршін қарлығаштарымыз ұшып, мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Бұл, әрине ата - ана үшін зор қуаныш болса, тәрбиеші ұстаз үшін үлкен мерей. Баршаңызды осынау қуаныштарыңызбен құттықтаймын!
Қадірлі балаларым, осы балабақшаға күні кеше кішкене сәби болып тәй - тәй басып келіп едіңдер. Енді міне, ержетіп мектепке кетіп барасыңдар. Бүгін сендердің балабақшамен қоштасу кешіне ата - әжелерің, әке - аналарың да келіп отыр Ендеше, балабақшада үйренген бар өнерлеріңді ортаға салыңдар.
Бүгін міне, қоштасады
бақшаменен бал - бұлақ.
Әні менен жырына,
тыңдармандар сал құлақ.
Кеше сәби,
міне, бүгін ұл мен қыз.
Лаулап жансын
болашағың шамшырақ!- дей келе балалардың тақпақтарын жолдаймыз.
(тақпақтар)
Ән: «Бүлдіршіндер әні»
Би: "Сыған" биі
Тәрбиеші: Балалар, сендер ертегі тыңдағанды, ертегі айтқанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Жақсы көреміз.
Тәрбиеші: Сендер қандай ертегіні білесіңдер?
(Балалар жауабы)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, көп ертегі біледі екенсіңдер. Бүгінгі сендердің балабақшамен қоштасу кешіне ертегі кейіпкерлері келе жатыр екен. Қарсы алайық.
(залға музыкамен Қызыл телпек келеді.)
Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші: Балалар. таныдыңдар ма? Бұл кім, қай ертегіден келді екен?
Балалар: «Қызыл телпек» ертегісіндегі Қызыл телпек.
Қызыл телпек: Жарайсыңдар, балалар. Мені таниды екенсіңдер. Ормандағы әжеме бәліш апара жатыр едім, сендердің балабақшамен қоштасу кештерің өтіп жатыр дегенді естіп, сендерді құттықтайын деп келдім.
Тәрбиеші: Қош келдің, Қызыл телпек. Алайда, сен құр қол келмеген шығарсың, біздің балаларға не ала келдің.
Қызыл телпек: Әрине, мен балаларға орманнан гүл теріп алып келдім. Бұл жай гүл емес, сиқырлы гүл. Гүлдің әр дестесінде сендерге арналған тапсырмалар бар. Әрі бұл гүл сөйлейді.
(Үнтаспадан дауыс естіледі.)
Дауыс: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: сәлеметсіз бе!
Дауыс: Сендер мектепке баруға дайынсыңдар ма?
Балалар: Дайынбыз
Дауыс: Жарайсыңдар, менің тапсырмаларымды орындайсыңдар ма?
Балалар: Орындаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама