Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қосындыны санға бөлу
Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлу
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділігі: Қосындыны санға бөлуді меңгерту.
2. Дамытушылық: Дұрыс есептеу, есеп шығару дағдыларын, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өз елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылған әдістер: репродуктивтік, көрнекілік, ойын әдістері.
Пән аралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, өзін өзі тану.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Астана – Бәйтерек монументі.
Балалар бүгін біз ел ордамыздың басты ғимараттарына саяхаттап қайтамыз. Саяхатқа шығу алдында көңіл күйіміз жақсы, яғни көңілді баруға дайындық жасайық.

Психологиялық сәт.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі, нәзік, жарық, мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан жағым.
Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
2. Сабақтың мақсатын хабарлау.
Қосындыны санға бөлу.
3. Жаңа сабақ
Өрнектерді және олардың мәндерін салыстыр:
(6 + 9): 3 • 6: 3 + 9: 3
(14 + 21): 7 • 14: 7 + 21: 7
(12 + 18): 6 • 12: 6 + 18: 6

Қосындыны санға бөлу үшін, әр қосылғышты осы санға бөліп, нәтижелерін қосуға; қосындының мәнін тауып, оны осы санға бөлуге болады.

Бөлу қалай орындалғанын түсіндір:
(10 + 6): 2 = 16: 2 = 8
(10 + 6): 2 = 10: 2 + 6: 2 = 8

4. Жаңа білімді меңгергенін тексеру.
«Астана - Бәйтерек» монументі – темірден, шыныдан және бетоннан жасалған бірегей сәулеттік ғимарат, оның көлемі таң қаларлықтай үлкен: 105 метрлі биіктіктегі метал құрылысы, салмағы 1000 тоннадан артық және 500 діңгек қадамен отырғызылған. Дүниежүзінде тұңғыш рет, күн көзінің шағылысынан түсін өзгертіп тұратын «хамелеон» әйнегінен 22 метр диаметрмен және 300 тонна салмағымен шар 97 метр биіктікке көтерілді. «Астана - Бәйтерек» монументі бейнелейтін негізгі ой – бұл Әлем Ағашы.

Әр өрнектің мәнін екі тәсілмен тап:
І топ
(14 + 16): 2
(24 + 12): 4
ІІ топ
(25 + 15): 5
(40 + 16): 8
ІІІ топ
(36 + 18): 6
(21 + 9): 3
IVтоп
(32 + 8): 4
(8 + 12): 2
Ақ Ордаға саяхат. Ақ Орда ҚР ел президентінің қызмет істейтін жұмыс орнының ғимараты. Бірнеше қабаттан тұрады, мәрмәр таспен өңделген. Бөлмелері киіз үйге ұқсатып жасалған.

Теңдіктер тура ма, тексер:
43= 4 • 4 • 4
23= 2 • 2 • 3
32 = 2 • 2
12 = 1 • 1

Астана қаласындағы кейбір ғимараттар геометриялық фигураларға ұқсас жасалған.

Бейбітшілік және Келісім сарайы. Бұл жер әлемдік деңгейдегі кездесулер өтетін орын.

Хан Шатыры Астана қаласындағы ірі ойын – сауық және сауда – саттық орталығы. Шатырдың биіктігі 150 м.

Астана Аренасы. Бұл жерде 30000 көрермен сиятын үлкен стадион. Жетінші Азиада қысқы ойындарының салтанатты ашылуы осы ғимаратта өткен.

Суретте салынған фигуралардың көлемдерін тап.

Сергіту сәті. Логикалық есептер.

4 торғайдың неше қанаты, неше тұмсығы бар?

10 тышқанның неше аяғы, неше құлағы бар?

7 сиырдың неше мүйізі бар?

8 мысықтың неше аяғы бар? т. б.

Думан ойын – сауық орталығына саяхат.

Бұл жердегі мұхит аралы ТМД – ғы тұңғыш дүниеге келген нысан. Мұхит аралының су қоры 3 млн литр. Мұхит аралын дайындау үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болған. Мұнда 2000 артық теңіз тұрғындары тіршілік етуде. Көптеген балаларға арналған атракциондар бар. Осы жерде бізге мынадай тапсырма берілген екен.

Есептерді екі тәсілмен шығар:

1) “Думан” океанариумына теңіз балықтары 24 пиранья мен 36 тұтасқанат әкелінді. Олар 6 аквариумға орналастырылды. Әр аквариумға неше балықтан орналастырылды?

Шешуі: (24+36)/6=60/6=10

(24+36)/6=24/6+36/6=4+6=10

Жауабы: әр аквариумға 10 балықтан орналасқан.

2) “Думан” океанариумына түске дейін 40 бала және 16 ересек адам келді. Олар 8 топқа бөлінді. Әрбір топта неше адамнан болды?

Шешуі: (40+16)/8=56/8=7

(40+16)/8=40/8+16/8=5+2=7

Жауабы: әр топта 7 адамнан болды.

Ал енді келесі ғимаратқа көңіл аударайық.

Циркке адамдар не үшін барады?

Суреттер көрсету.

Океанариумның көрме залына 14 натюрморт, одан 3 есе артық пейзаждар және натюрморттар мен пейзаждардың жалпы санының жетіден бір бөлігіндей портреттер қойылған. Көрмеге неше портрет қойылған?

Шешуі: 14+(14*3)/7=56/7=8

Жауабы: көрмеге 8 портрет қойылған.

Астанадағы Мәдениет орталығы. 35000 жуық орны бар концерт залы. Бұл жерде мынадай тапсырма берілген екен.

Салыстыр:
30 дм 2 см * 302 см
1 сағ 10 мин * 80 мин
5 м 5 см * 550 см
3 тәул. 24 сағ * 96 сағ
32 см * 30 дм 2 см
2 м 3 дм * 203 см

Астана қаласының орталық концерт залы. Бұл жерде әлем деңгейіндегі концерттер мен жиналыстар өтеді.

Сынық сызық үш буыннан құралған. Бірінші буынның ұзындығы 15 см. Екінші буын біріншісіне қарағанда 3 есе ұзын, ал үшінші буын ұзындығы бірінші мен екінші буындардың ұзындықтарының қосындысының мәнінің бестен бір бөлігіндей. Сынық сызықтың ұзындығын тап.

Жауабы: 15+15*3=60/5+12

12+45+12=72

Бекіту.
Ал балалар бүгін біз Астана қаласының көрікті жерлеріне, ғимараттарына саяхат жасадық. Астана қаласы – Отанымыздың бас қаласы, ел орда. Қала күннен күнге көркейіп өсіп, әлемге танылуда. Бас қаланың көркеюіне ел басымыздан бастап әрбір Қазақстанның азаматы үлес қосуда. Кішкентай ауылда өмір сүріп, білім алып жатқан біздер де бүгінгі сабақта мына тапсырмаларды орындау арқылы, сабақты қорытындылай отырып Астананың гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. Үлестірмелермен жұмыс.

Астана қаласының орталық демалыс саябағы.
Үйге тапсырма.
№6 есеп. 199 бет. №11 есеп. 200 бет. Мадақтау арқылы бағалау.

Қосындыны санға бөлу. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама