Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Қуат
Сабақтың тақырыбы: Қуат
7 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
– қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
– механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану.
Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік: Қуат
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс: Математика, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу: Механикалық жұмыс

Басталуы
Сәлемдесу.
Топқа бөлемін: «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1, 2, 3 вагондарға бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім - ай» би
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Бір - бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Жаңа білім
Білу және түсіну
«Физика әлеміне саяхат» конверт сұрақтары:
1. Жұмыс деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
2. Механикалық жұмысқа мысал келтір, оған анықтама беріп, формуласын жазып көрсет.
3. Дене ненің әсерінен қозғалысқа түседі және қай уақытта көбірек жұмыс істеледі?
4. Механикалық жұмыс қандай шамаларға тәуелді?
Жұмыстың өлшем бірліктерін ата және ол кімнің есімімен аталады? Осы айтылған мағлұматтардағы «Күш» деген сөзді қандай сөзбен алмастыруға болады. Немесе жұмыс деген сөзді басқаша қалай атайды? Осы ұғымдарға қатысты қандай мақалдар білеміз?
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
«Ердің жұмсаған күшін сұрама, бітірген жұмысын сұра».

«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мин) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді).
Қуат жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама