
- 04 ақп. 2016 00:00
- 290
Құдіретті қол: Жанып жатқан бұлттың кескіні
Бүкіләлемдік интернет желі қолданушыларын таңқалдырып, әбігерге түсірген бұл суретті португалия азаматы әлеуметтік желілердің бірінде жариялады. Тіпті, кей қолданушылар оны жаратушы Құдайдың қолы,-деген атауға теңестіріп үлгерген.
Фотоны португалиялық суретші Розарио Пачеко Мадейра аралында аспанды суретке алу барысында түсірген. Суреттердің бірінде, жұрттың назарын аудартқан ерекше фото-жанып жатқан бұлттың бейнесі кескінделген.
Суретшінің өзі фотоны отты шар ұстап тұрған қолмен теңестіреді. Ал, кейбір әлеуметтік желі қолданушылары, бұл тылсым дүниенің, Final Fantasy бейнеойынындағы алып кометаға ұқсайтынын айтқан.