Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Құлақтағы құлық тығыны

Ерекше бездер шығарып, құлақ інінің басында көбейе­тін құлақ құлығы іс жүзінде пайдалы зат. Ол сырт­тан кіретін шаңды ұстап, құлақ шымылдығына қарай жібермейді. Алайда церуминоз бездері тым белсенді болса, не құлағымды тазалаймын деп, құлықты ішке қарай итеріп тастасаңыз ін түбінде қалың құлық тығыны орнығуы мүмкін. Оның салдары: құлағыңыз шуылдайды, ауырады, есту нашарлайды. Не істеу керек? Біздің кеңеске құлақ қойсаңыз, ойыңыз оңғарылады.

— Тікелей сырғалық тұсынан басыңызды жайлап уқалаңыз — бұл құлықты жұмсартады. Содан кейін сыр­ғалықты төмен тартып, босатып  тұрыңыз. Тартқан кезде аузыңызды ашыңыз, босатқан кезде жабыңыз.

— Пипетканы 37 градус температурадағы не сәл жоғары градусты сутегінің асқын тотығымен толтырыңыз. Содан кейн бітелген құлақты жоғары қаратып жатыңыз да, соған құлақ іні толғанша сутегі тотығын тамызыңыз. Осылай үш ми­нут жатқаннан кейін сутегі тотығы құйылған құлағыңызды сұйық ағып болғанша, жуынғыш шылапшынға еңкейтіңіз не орамалға басы­ңыз. Содан соң әлгі құлаққа жайлап жылы су шашыратыңыз. Біраз солай ұстап, суды ағызып жіберіңіз. Құлақты шүберекпен, не мақтамен құр­ғатыңыз.

— Сутегі тотығының орнына вазелин майын да пайдалануға болады. Бітеле бастаған құлағыңызды жоғары қаратып, пипетка­дан бірнеше тамшы тамызыңыз. Ол май өз ықпалын біл­діріп жатқанда, бір сағат бойы өз шаруаңызды тындыра беріңіз. Содан соң құлаққа жылы су тамызып, ол сұйық түгел шығып біткенше басыңызды шайқаңыз.

— Жуып болған соң құлағыңызды фенмен құрғатыңыз. Оны ең салқынына қойып, құлағыңыздан отыз сантиметр аралықта ұстаңыз.

— Жуынған сайын құлағыңыздың ішін ылғалды шүбе­рекпен жақсылап сүртіңіз. Ешқашан құлақ ініне мақталы таяқша сұқпаңыз. Онымен сіз құлықты құлақ пердесіне дейін итересіз, ол жерде құлықты жұмсартатын без жоқ. Соның салдарынан тастай мықты тығын пайда болады. Мұның үстіне сіз құлақ пердесін тесіп жіберуіңіз де мүм­кін.

— Мал майын, сары май, сыр, т.б. пайдалануды қысқартыңыз. Әрі оларды маргарин, жартылай фаб­рикаттар, т.б. алмастырмаңыз. Кейбір  мамандар осынау заттар құлақ бұлығын жасайтын бездерге септеседі, мұның үстіне оның тығыздығын арт­тырады деп біледі. Балықта, дәнде, жаңғақта бола­тын май пайдаланған әлдеқайда жақсы.

— Егер естуді жақсартатын аппаратты пайдалан­саңыз, күн сайын кешке жатар алдында оны шү­берекпен мұқият сүртіп қойыңыз, сонда құлық жи­налмайды.

— Құлағыңызда жүн көп болса, оны кішкентай қайшымен немесе арнайы батареялы триммермен қырқыңыз. Кері жағдайда құлық оны бір­-біріне жа­быстырып тастап, тазалауды қиындата түседі.

Оқуға кеңес береміз:

Баланың құлағына немесе мұрнына кірген нәрселерді қалай шығарамыз?

Қытай ғалымдары адамның құлағын қалпына келтірудің тың әдісін ойлап тапты

Неге бірнәрсеге зейін салып қарағанда бізге сөйлеп жатқандарды естімей қаламыз?


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама