- 27 қар. 2019 00:00
- 312
Құр ойнақ
Құр ойнақ күйінің таралуы туралы кәриялар екі түрлі әңгіме айтады. Қайсысы рас, қайсысы өтірік, ол беймәлім. Бірақ екі әңгімеде «құр» деген ойыншыл құс туралы. Бірінші әңгіме: Құр деген құс ойынға әуес екен. Топтала жүріп, ойынның қызығына бір еніп алса, таңның атқанын, күннің батқанын білмесе керек. Құрдың осы ойын құмарлығына таң қалған күйші «Құр ойнақ» күйін шығарыпты. Екінші әңгіме: Тобымен жүріп кешке дейін ойнайтын құрдың ойынына қызыққан байдың бір баласы үйде де көріп отыру үшін оның ойнайтын жеріне тұзақ құрады. Сүйтіп, құрды бір-бірден ұстап, үйіне әкеле береді. Бірақ ешбірі қолға үйренбей өле береді. Ұстаған құрдың бәрі өліп, ұсталмаған жалғыз ақ құр қалады. Бала оны да ұстап үйіне алып келеді. Ол қолға тез үйренеді. Жемін жеп алғаннан кейін, байлап қойған жерінде ойнап отыра береді. Осыған таң қалған ауыл арасының күйшісі «Құр ойнақ» деп атапты бұл күйін.