Құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар
Құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелердің туындауы қалыпты жағдай болып табылады. Бұл проблемаларды тек қана педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарының курстары немесе жекелеген республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі семинарлар арқылы шешу мүмкіндігі шектеулі екендігі сөзсіз. Сондықтан 12 жылдық білім беру үрдісіне мұғалімдерді әзірлеудің мектеп жағдайындағы тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру нәтижесінде пайда болған «Қоршаған әлем» пәндік жұмыс (жоба) жүйемізді әріптестер назарына ұсынып отырмыз.
Бұл жұмыстар жүйесінің мақсаттары төмендегідей:
- білім беру үрдісіндегі жаңа мазмұндағы өзгерістерге мұғалімдерді педагогикалық – психологиялық әдістемелік тұрғыда әзірлеу;
- реформаға байланысты инновациялық ақпараттармен қамтамасыз ету;
Осы мақсаттарға жету үшін жүктелетін міндеттер:
1. Инновациялық ақпараттар циклін жасақтау және оларды тарату формаларын
нақтылау.
2. Берілген ақпараттарды өңдеу жұмысына мұғалімдерді тарту арқылы теориялық
білімдерін, практикалық дағдыларын қалыптастыру.
3. Жүзеге асырылған іс - әрекеттің барлық түріне рефлексия жасап отыру.
Тапсырма №1
Табиғаты қорғау.
Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Өзі табиғаттың бір бөлшегі болып табылатын адам да қоршаған ортамен, яғни жермен, өзен - көлдермен, ауамен және айналасындағы барлық тірі организмдермен байланысты. Біз өзімізге залал келтіріп алмау үшін осынау аса нәзік өзара байланыстарды айқындап, танып – білуіміз керек, бұл үшін бізге ғылым көптеп көмектеседі.
Бір кездерде қасқыр, түлкі, кезқұйрық сияқты жыртқыш атаулыға қарсы аяусыз күрес жүргізілді. Алайда дәл сол қасқырдың тазартылған өңірде марал және басқа аңдар ауруға шалдығатын болып шықты. Түлкі мен жыртқыш құстар құрыған жерлерде кемірушілердің көбейіп кеткені соншалық – олар миллиондаған сомның астығын індеріне тасып, жеп рәсуа етті. Сөйтіп, пайда табамыз деп зиян шеккен де жағдай болған.
Жыртқыштар мен оларға жем болатын хайуанаттар мыңдаған жылдар бойы қатар өмір сүріп келеді. Осы уақыт ішінде олардың да, басқалардың да тіршілік етуіне көмектесетін табиғи тепе - теңдік жасалды.
Табиғаттағы осы тепе - теңдікті адамның еш уақытта естен шығармағаны жөн. Мәселен, әр түрлі улы химикаттар жасалады. Егер оны егістік пен бақтарға ұшақпен бүркіп немесе тозаңдандырып шашса, ол жердегі барлық зиянкес насекомдар құриды. Бірақ бұл кезде олардан басқа да пайдалы жәндіктер мен хайуанаттардың қырылуы әбден мүмкін. Өйткені мыңдаған аң мен құс уланған нәрселерді жеу арқылы өздері де уланады ғой.
Егер будақталған түтіннен – ауа бүлінсе, былғаныш судан өзендер ластанса, онда одан табиғат қана тақсірет тартып қоймайды, адам да ауырып зардап шегеді. Міне сондықтан да табиғатты қорғау немесе, дәлірек айтқанда, табиғи ортаны қорғау дегеніміз, айналып келгенде адамның өзін қорғау деген сөз. Бұл өзіміздің келешегімізді, бізден кейін де Жер бетінде сақталатын тіршілікті қорғау болып табылады.
Адам баласы Жер шарында жабайы хайуанаттардың толып жатқан түрін құртып жіберді. Осылар, сондай - ақ құрып кету қауіпі төнген басқа да хайуанаттар Халықаралық табиғат қорғау одағының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері жайындағы Қызыл кітабына енгізілген. Олар зор қамқорлыққа алынып, көздің қарашығындай қорғалуда. Сонымен қатар барлық елдерде табиғатты ерекше қорғауға алынған қорықтар ұйымдастырған.
Қорық емес жерде де адам табиғатқа қамқорлық көзбен қарауы керек., азық - түлік пен өнеркәсіп үшін қажетті табиғат байлықтарын, атап айтқанда, топырақ, су, орман - тоғайды, аң мен құс, балық қорларын тиімділікпен пайдалана білуі қажет. Адам тірі табиғат күштерінің бұрынғы қалпына келуіне көмектесуі керек. Ал ол үшін табиғат заңдарын, барлық тірі организм атаулының ерекшеліктерін терең зерттеп - білу қажет. Әрбір адам біздің табиғатпен етене тығыз байланыста екенімізді ұғынуға міндетті, сондай - ақ біздің әрқайсымыз өз іс - әрекетіміз үшін әрдайым жауаптымыз. Жер - ананың шапағаты мол ғажайып қалпын сақтап қалу үшін, өздеріңнің және өз ұрпақтарыңның шат - шадыман, жақсы өмір сүруі үшін күресулерің керек. Бір сөзбен айтқанда, табиғат - ананың аялап, көздің қарашығындай қорғауларың қажет.
Моделдік жауап:
Қортынды:
1. Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды сақтап қалу үшін қорықтар құрылады.
2. Адам табиғатқа зиян келтірмей өмір сүру керек.
3. Адам жасыл орманды, көлді, таза ауаны сақтап, жануарларды қорғау үшін ақылды болу керек.
4. Табиғатқа қамқорлықпен қарау.
5. Табиғатты қорғау туралы заңның баптарын оқу.
6. «Адамдар жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалу үшін не істейді?» деген тақырыпқа пікірталас жүргізу.
Аргументтер:
1. Өз жеріңде Қызыл кітапқа енген жануарларды қамқорлыққа алу.
2. Жердегі тіршілікке адам жауап береді.
Жануарларға зиян келтірушілерге хат жаз.
Қортынды айқындалған 4балл.
Екі аргумет айқындалған 3балл
Ең жоғарғы балл 7балл
Тапсырма №2
II. Ақпараттық құзыреттілік.
Ақпараттық ізденісті жоспарлау.
Тапсырма.
Өзіңді қоршаған ортаға көз салып бақылаңдар. Төмендегі сұраққа жауап беріңдер:
• Табиғатпен тілдесу сендерге қалай әсер етеді?
Бұл сұраққа жауап беру үшін не істеу керек.
Ақпаратты бастапқы өңдеу.
Тапсырма.
Оқушының шығармасын оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер. Адам туған жерін не үшін сүйетіндігін ойланыңдар.
Менің ауылым.
Менің туған ауылым.... Мен үшін оның маңызы қандай десеңші! Мен осы жерде туып - өстім, алаңсыз бақытты балалық шағымды өткіздім. Мен өз ата-мекенімізді бәз қалпында сүйемін.
Біздің ауылда пайдалы қазбалар жоқ, үлкен өнеркәсіп орындары да жоқ, зәулім үйлерде жоқ, оның есесіне көз тартарлық біздің Тобыл өзені бар. Тобыл ғасырлар бойы өмір нәрі, тазалық көзі болып келеді. Түрлі қиындықтар туған кезде ол бізге дем беріп отырады. Жазда бақшамызды суарамыз, ыстықтап кеткенде біз солай қарай жүгіреміз. Қыста суаттанбалақ аулаймыз.
Біздің өзен адамға әрдайым серік болудан жалыққан емес. Біздің өзен жағалауында республикамыздан тыс жерге де танымал адамдар өскен. Орман – ауылымыздың басты байлығы. Халықаралық көрмелерде өз еңбегімен ауылымызды көркейтіп, байытып даңқын шығарған адамдардың есімдері талай рет аталды. Қазір бұл жерде сәулетті мектеп, аурухана, демалыс орындары салынған, сол сияқты керемет саябақ бой көтерді....
«Өзге жердің бәрі жақсы,-
Өз еліңдей қайдан болсын»,- деген екен бабаларымыз. Мен де өскен соң өз Атамекенімнің бай да қуатты болуына бар күш - жігерімді саламын.
*Әңгімеде адамның қандай сезімдері сөз болады?
*Өз атамекенің несімен көрікті?
* Атамекенің әсем, қуатты және бай болу үшін не істер едің?
Қосымша ақпараттарды жинастыру.
Өздерің тұратын аймақтағы жан - жануарлар мен құстар туралы мәліметтер жинақтаңдар. Олардың қайсысын «Қызыл кітапқа» енгізу керек деп ойлайсыңдар? Табиғат байлығын қалай сақтауға болады?
Тапсырма №3
«Қалдық пен пайда» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Мәтін авторы тұрмыстық қалдықтармен не істеу керектігі туралы қандай қорытынды жасайды?
2. Автор қандай аргументтердің көмегімен өз жауабын негіздейді?
Қорытынды:-------------------------------
Аргументтер:
1.--------------------------------------------
2.-------------------------------------------
Қалдық пен пайда.
Адамның өмір сүруі іс - әрекетінің қалдықтары оның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Ал сіз сол қалдықтармен оларды қайта өңдеу туралы не білесіз? Ең алдымен қалдықтар бөлінеді: қатты, сұйық және газ тәрізді болып. Ғылыми тұрғыдан айтқанда, бұл - олардың агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктелуі. Ал шығу тегіне қарай қалдықтар тұрмыстық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық болып бөлінеді.
Таңқаларлық жайт, адамдар үшін қатты тұрмыстық қалдықтар көп зиян келтіреді екен.
Қалдықпен не жасауға болады? Сіз қалада қалдық жинайтын көліктердің күнделікті қалдықтарды үйлердің қасындағы контейнерде жинап алып, әдетте қаланың сыртында арнайы белгіленген жерде орналасқан қалдық үйіндісіне апарады. Тұрмыстық қалдықтар - әдетте әртүрлі қалдықтардан жинақталған қоспа. Оның құрамында қайта өңдеуге келетін құнды металдар, шыны контейнерлер, сонымен қатар топырақты тыңайтуға асатқажетті макулатура, тамақ қалдықтары болады. Бұдан басқа, тұрмыстық қалдықтардың ішінде адам денсаулығына аса қауіпті заттар да болады. Олар батарейкадағы сынап, сырлардың құрамындағы химикаттар және т. б. Бұлардың барлығы ашық аспан астында жатады! Қоқыс үйінділерінің пайда болуы тек топырақтың емес, сонымен қатар айналадағы жер асты суларының ластануына да алып келеді. Қоқыс үйінділерімен жаңа жерлерді қаншама бүлдіруге болады?
Қоқыс үйінділерін жасағанша, көптеген елдердегі сияқты қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттарды салу керек. Мұндай зауыттардың тамақ қалдықтары цехындағы арнайы престердің көмегімен қалдықтарды брикеттерге айналдырып, арзан отын ретінде пайдалануға болады. Қағаз цехы макулатураны сорттап, жинап, қағаз өнеркәсіптеріне жіберіледі. Кейбір қалдықтарды арнайы қондырғыларда өртейді. – бұл жақын жерде орналасқан үйлерді жылыту үшін қосымша электроэнергия мен ыстық бу алуға мүмкіндік береді. Осы өнеркәсіптің барлығы өз иелеріне жақсы пайда әкеледі. Сонымен, пайдалануға жатпайтын қалдықтар арнайы цехтарда престеліп көміледі.
Мұндай зауыт жұмысын қамтамасыз ету үшін, қала тұрғындары қалдықтарды сорттап, әртүрлі контейнерлерге - тамақ қалдықтарына, қағаз, пламтикке және т. б. арналған контейнерлерге салулары қажет. Осылай зауытқа түсетін қалдықтар әр түрлі цехтарға бөлініп, қайта өңделеді. Нәтижесінде қалдықтардан пайда табуға болады!
Тапсырманы дайындаған: Абеуова Р. С.
Құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар жүктеу