Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қиял - ғажайып ертегілері
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Ғылыми фантастика
Сабақтың тақырыбы: Қиял - ғажайып ертегілері (2 - сағаты)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Т/А1. Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау.
Құндылықтарға баулу: Өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарауды, ізеттілікті, бірлесе жұмыс жасауды оқушы бойына дарытуға бағыттау.
Пәнаралық байланыс: Халық ауыз әдебиеті, өзін - өзі тану
Осыған дейін меңгерілген білім: Фантастика, соның ішінде ғылыми фантастика туралы түсініктері бар.

Сабақтың басы
Психологиялық дайындық.
«Тілек сөздер айту»
Топқа бөлу. «Миға шабуыл» әдісі.
Қиял ғажайып ертегілердің кейіпкерлері арқылы топқа бөлемін.
1. Таусоғар, Көлтаусар, Саққұлақ, Ертөстік, Желаяқ.
2. Ұшқыш кілем, Алладин, жын, Жасмин
3. Шрек, Фиона, есек, мысық
4. Күлше қыз, Ханзада, асқабақ, Өгей шеше
С. Тыңдалым алдындағы тапсырма.
1 - тапсырма. «Болжау» әдісі

Бұл суреттерден нені байқаймыз?
• Ертегілер есімізге түскен шығар?
• Қазір ертегі шындыққа айналды десек бола ма?
Тақырыпқа болжау жасап көрейікші...
ҚБ Өзіндік ойын еркін, жүйелі жеткізе алған оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау, мақтау сөздер айтылады: Жарайсың! Керемет! Өте жақсы!
Оқушылар тақырыпты болжаған соң, сабақтың мақсатымен танысады.

Сабақтың ортасы
Тыңдалым кезіндегі тапсырма.
2 - тапсырма «Бағытталған оқу» әдісі
ТЖ. «Құланайжарқын» ертегісін тыңдайды.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Тыңдалған үзіндідегі оқиғаны әрі қарай болжап, өз сөзіңізбен дамытыңыз, сосын түпнұсқасымен салыстырыңыз.

Құланайжарқын
Баяғыда бір кемпір мен шал болыпты. Бұлардың торы биесі күніге бір құлын туады екен. Сол құлынды жалмауыз кемпір күнде жеп қояды. Бір күні кемпірі шалына: «Осы биенің өсімі жоқ, сойып алайық»,— дейді. Торы биенің досы — осы үйдің бір тазысы болады. Жаңағы шал осы тазыны торы биеге жібереді. Тазы биеге келіп жылайды: «Енді екеуміз дос бола алмаймыз. Сені соятын болды. Мені саған жіберді»,— дейді. Торы бие: «Сол ма сенің келгенің? Оған қиналма, менімен шын дос болсаң, мені союға апарып «арқан әкел» дегенде үзілетін әлсіз жіп әкел, «пышақ әкел» дегенде өтпейтін пышақ әкел, ал өзің менің құйрығымнан тартып тұр»,— дейді. Тазы торы биені шал - кемпірге алып келеді. Торы биені құбылаға қаратып жығып, тазының әкелген жібімен аяғын буып, тазыға торы биенің құйрығын ұстатып қояды. Шал өтпейтін пышақпен бауыздайын деп жатқанда, торы бие мен тазы аққу болып ұшып кетеді.
Қиял - ғажайып ертегілері жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама