Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Разрядтан екі рет өту арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері
Тақырыбы: Пысықтау
Мақсаты: 1. Разрядтан екі рет өту арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру; 3 - 4 амалмен өрнек түрінде есептер құрастыру және шығару дағдыларын бекіту.
2. Балаларды шапшаң ойлау қабілетін, логикалық ойлау, математикалық тілін және интеллектуалдық ой - өрістерін дамыту.
3. Сүт өнімдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу..
Нені білу керек: Үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейтудің және бір таңбалы санға бөлудің тәсілдерін;
Өлшем бірліктерін өрнектеуді.
Нені үйрену керек: Разрядтан екі рет өту арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдерін;
Логикалық есептерді шығару.
Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық ахуал:
1, 2, 3. Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
- Балалар бүгін бізде жай сабақ емес, жарыс сабағы болады. Ол үшін 2 топқа бөлінеміз: «Алғырлар», «Тапқырлар». Қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс, көктем. Балалар, тақтаға қараңдаршы. Күлімдеп күн шығып тұр.

Үй жұмысын тексеру: Р - 340см
1 - қабырғасы - 150см
2 - қабырғасы -? 70см қысқа
3 - қабырғасы -? м. және см. Өрнекте
150 - 70=80 340 -(150+80)=340 - 230=110см=1м10см
Жауабы: 3 - қабырғасы 1м 10см
Жаңа сабақ: - Балалар, біз үй жұмысын тексергенше, күннің көзін бұлттар басып кеттіпті. Күннің көзін бұлттардан құтқарайық. Ол үшін әр бұлттың тапсырмасын дұрыс орындап отырсақ, бұлт көшіп кетіп қалады.

Ойынның шарты:
1. Қас - қағым сәтте.
2. Біліміңді шыңда
3. Сергіту сәті
4. Ізденіс - жеміс кепілі
5. Білгенге маржан
6. Ой түйіндеу
1. Қас – қағым сәтте
2. Математикалық диктант:
16 мен 5тің көбейтіндісі; 400 бен 4-тің бөліндісі; 50мен 5тің көбейтіндісі; 600 бен 10-ның бөліндісі; 45 пен 2нің көбейтіндісі; 800бен 20ның бөліндісі.
Көршіңді тексер: 80; 100; 250; 60; 90; 40;

3. Біліміңді шыңда:
1 - айналым. №2 Есептеп, дұрыстығын тексер.
Алғырлар:
324×3=972
252: 7=36
531: 9=59
189×4=756
575: 5=115

Тапқырлар:
786: 2=393
528: 4=132
155×5=775
688: 4=172
805: 5=161

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама