tengrinews.kz
- 30 сәу. 2026 11:00
- 24
Ресейден қашқан қазақстандық экстрадицияланды
Ресейде ұсталған алаяқтық жасады деген күдікті қазақстандық азамат елге экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
Тергеу барысында анықталғандай, азамат 2023 жылы интернетте жалған автокөлік сату туралы хабарламалар жариялап, жеті азаматтың ақшасын иемденген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті елден қашып кеткен. Сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.
2025 жылдың шілде айында ол Ресейдің Белгород облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша отанына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта алаяқ уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Оған тағылған айыптар бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлік тәркілеу жазасы қарастырылған.