Photo: Art Guzman (https://www.pexels.com/@artguz) / Pexels
- 21 ақп. 2026 02:30
- 18
Ресейлік Су-30 ұшағы Атырауға шұғыл қонды
Атырау халықаралық әуежайында Ресейге тиесілі Су-30 әскери ұшағының шұғыл қонуы жұртшылықты елең етті. Бұл оқиға 20 ақпан күні таңертең, шамамен сағат 09:40-та болды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ Каспий теңізі үстінде оқу-жаттығу ұшуын орындап жатқан. Осы кезде ұшқыш бағдарын жоғалтып, нәтижесінде Су-30 ұшағын Қазақстан аумағына қондыру туралы шешім қабылданған.
Ұшқышқа медициналық көмек көрсетілді
Ұшақтың тізгінінде 1986 жылы туған Ресей азаматы болған. Әуежай қызметкерлері оған қажетті медициналық көмекті көрсеткен. Кейіннен ұшақ Атыраудан шығып, Ресейге оралды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ресми тараптар әзірге бұл жайтқа қатысты пікір білдірген жоқ.