Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Рухани жаңғыру - табысты ел болуымыздың кепілі

Кемел елдің келісті болашағын көркейту мақсатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сындарлы саясаты мен көреген көріпкелдігінің арқасында халыққа жолдаулар мен мақалалар ұсынуда. Яғни, Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» атты мақаласында еліміздің игілігі үшін атқарылар істің бағдары айқын, болашағы жарқын болу керектігін баса айтып, алға игі мақсаттар мен жоспарлар құрып берді. Көреген көшбасшы Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігін беріп отыр.   Біздің мақсатымыз айқын,бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.   Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі,яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс екенін айтады. Еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі мол болуы үшін әртүрлі көзқарастарды ортаға салған.   Оның бірі - бәсекелік қабілет. Яғни біз,өзіміздің біліміміз, қызметіміз  арқылы өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуымыз қажет.Сол арқылы ғана табысқа жетуге мүмкіндік аламыз.     Келесі бұл – прагматизм. Қазіргі таңда жер мәселесі де дауға айналып бара жатыр. Себебі, байлығы мол жеріміздің шөбін,оның құнарын тиімсіз пайдалануда.Біз жерге аса немқұрайлы қараудамыз. Халқымыз осы күнге дейін сақтап келген туған жерін рухани жаңғыру аясында қайта жаңғырту біздің мақсат. Алайда, небәрі бірнеше жыл ішінде өзгерген жеріміз ұлттық прагматизмге  ұшырағанын білеміз.Экологиялық апаттың бірі ол – Арал теңізі. Оның аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналғаны халыққа ауыр тиді. Сол себепті қазіргі таңда орынсыз сән-салтанат  емес, керісінше, қанағатшылдық пен ұстамдылықты көрсетеді. Бүгінгі кезнде халықтың арасында ауызбіршілік жойылып бара жатыр.Оның себебі, байлықтарымызды ысырапшылдық пен мардымсыз қолдануымызда. Сол үшін басты мақсат-халықтың тұтастығы мен ауызбіршілгін сақтау.Ел Президенті аталмыш тұғырнамасында білім, ғылымға ерекше басымдық беріп отыр. «Терең білім - тәуелсіздігіміздің тірегі», - деген Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді.Білім-адам өміріндегі маңызды сатылардың бірі.Мемлекет біздің әрі қарай өсуімізге, дамып, жетілуімізге, көптеген мүмкіншіліктер жасады. Соның бірі ,арнайы бірқатар университеттер мен мектептерді ашып берді.Табысымыздың мол, еліміздің өте жоғары деңгейде болуы үшін білімді басты құндылық  деп санаған жөн.  Бұрынғы тарихымыздың  ұлттық өркендеуіне мүмкіндік беретініне көз жеткіздік.Қантөгіспен келген елімізді барлық жағынан дамыта білу біздің міндетіміз.Елміздің ішкі мәдениетін білектегі күшпен емес,ақылмен шешуіміз шарт.Сонымен қатар, тіл жағынан өзімізді жетілдіре білсек, санамыздың ашықтығын дәлелдейміз. Өйткені тіл-ұлттың айнасы. Өзіміздің жан-жақты болуымыз, жаңа технологияның ағынына дайын болуымыз  үлкен өзгерістерге алып келеді. Жаңа технологияның дамуы арқылы біз өзгелер жетпеген жетістікке жетуіміз басты көрсеткіштердің бірі болар еді. Қорытындылай келе, әр мемлекет, соның ішінде халық, әрбір азамат пен азаматша рухани жаңғыру аясында өзін-өзі дамытып, жетістікке жетуі, мол табысқа ие болуы, білікті маман болып қалыптасуы бүгінгі таңның басты талабы.Сөз соңында айтарым, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» мақаласының ел болашағын айқындауда алар орны ерекше, сондай-ақ мақала негізінде Қазақстан Республикасының әрбір азаматының өз атқарар міндеттері бар екенін ұмытпауымыз керек. Алдағы уақытта дамыған 30 елдің қатарына қосылып, ел іргесі бекіп, көркейе беретініне бек сенімдіміз.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама