Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Сабақтың барысы:
I Алғашқы ұйымдастыру бөлімі
1. Амандасу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру
3.«Көктем» тақырыбында интерактивті тақта арқылы пейзаждық суреттер көрсете отырып, А.Құнанбаевтың «Жазғытұрым» өлеңін тыңдату.
М: - Олай болса, тамаша көктем мезгілімен келген қазақ тілі сабағын бастайық.
Бәріңе сабақта сәттілік тілеймін.
Мұғалімнің ассистенті сайланып, «Бағалау парағын» жүргізу ескертіледі.

II Жаңа материалдарды хабарлау
М: - Сонымен, сабағымыздың тақырыбы – сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары.
М: - Дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазып қоялық.
(Сабақаралық байланыс жасалады.)
а) Мұғалімнің жаңа материалды түсіндіруі
- Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады.
Слайд №1
Бағыныңқы сөйлем - құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі тиянақсыз, сондықтан өз алдына бөлек айтуға келмейді.
Басыңқы сөйлем - құрмалас сөйлемнің екінші жай сөйлемі тиянақты, өздігінен дербес айтыла береді.

Слайд №2
- Сабақтас құрмаластың жасалу жолы бағыныңқы сөйлемнің баяндауышына қарай белгіленеді.
Бағыныңқының баяндауышы:
Шартты рай:- са, - се
Көсемше:- а, - е, - й, - ып, - іп, - п, - қалы, - келі, - ғалы, - гелі
Есімше:
- ған (- ген) + - ша (- ше)
- ған (- ген) + - дай (- дей)
- ған (- ген) + - да (- де)
- ған (- ген) + - мен
- ған (- ген) + - дықтан (- діктен)
- ған (- ген) + сайын, соң, кезде, уақытта
- ған (- ген) + - ға + шейін
- ған (- ген) + - нан (- нен) + бері, кейін, бұрын
Етістік негізі:- ысымен, - ісімен

Слайд №3
- Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер саны жағынан екеу ғана емес, одан да көп болуы мүмкін. Құрамында екі я одан да көп бағыныңқы сөйлемі бар сөйлем көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады.
Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас:
1. Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас
2. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтас
Ә) Жаттығу жұмыстары
120 - жаттығу. Оқулықпен жұмыс. Мәтін оқылып, құрмалас сөйлемдердің қайсысы салалас, қайсысы сабақтас екені анықталады. Сабақтас сөйлемдер тақтаға жазылып, бағыныңқы сөйлемнің астын ирек, басыңқы сөйлемнің астын түзу сызықпен сыздыртамыз.
Слайд №4
Семантикалық картамен жұмыс (Интерактивті тақта арқылы кесте толтырылады)
121 - жаттығу. Өз бетімен жұмыс. «Сызбаны сөйлет»
Мәтіннен берілген сызбаға сай сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып жазу, сызбасын сызу.

Слайд №5
/............................../.......- ып, /............................/. (Көсемше тұлғалы сабақтас құрмалас сөйлем)
/............................./.......- ған, /............................/. (Есімше тұлғалы сабақтас құрмалас сөйлем)
/....................... /, /...................../, /.................../. (Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем)
/...................... /, /...................../, /..................../. (Аралас құрмалас сөйлем)

Слайд №6 «Ойлан да,...» Сабақтас құрмалас сөйлем тақырыбына тірек сөздер жазу.
III Бекіту.
Слайд №7
1. Сәйкестендіру тест (тест интерактивті тақта арқылы көрсетіледі)

Слайд №8
2. Венн диаграммасын толтырту
Құрмалас сөйлем, салалас сөйлем, сабақтас сөйлем

IV Үйге тапсырма беру.
1. 122 - жаттығу. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, сызбасын сызу.
2. «Табиғат және біз» тақырыбына ойтолғау жазу.
V Бағалау. Бағалау парағы бойынша қорытындылау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама