- 13 мам. 2016 00:00
- 187
Сәбилерді сақтайық
СӘБИЛЕР ӨМІРІН САҚТАЙЫҚ!
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.деп жырлаған – Мұқағали Мақатаев атамыз.
Сәбидің тыныш ұйқысын,әлемнің тыныштығына теңеген.Еліміз тыныш,жеріміз аман болған күнде,сәбилеріміз ұйқысы тыныш болмақ.
Дегенмен де, тыныш елде өмір сүріп,сәбилеріміз өмірі сақталмай жатқаны өкінішті-ақ.
Сәбилеріне бір күн тыныш ұйқы сыйламай,өз қолымен өмірлерін қиып жатқан аналарымыздың бары көңіл құлазытады. Бір сәт ғана ойға батып, «не үшін? » деген сұрақ мазалайды.
Амалсыздық , мүмкін жауыздық - сәби өмірін қиюға себеп болған.
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Жас ұрпақ жасамасыншы, жазаламасыншы,өз қателіктері үшін-қимасыншы,сақтасыншы сәбилерді күнәсіз. Сақтайықшы халайық, сәбилерді сақтайық!