Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сағынтаев «Электронды күнделік» жобасын енгізуде қоғам пікірімен санасуды тапсырды

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Білім министріне "Электронды күнделік" жобасын енгізуде қоғам пікірімен санасуды тапсырды.

"Электронды күнделік" жүйесіне қатысты қоғам көзқарасы әртүрлі. Неге олай? Егер ол барлығына пайдалы болса, қоғам неге қатты талқылап жатыр!? Адамдардың қарсы болатын тұстары бар шығар, мүмкін. Біз бұны білмейміз, дегенмен ата-аналарда, мұғалімдерде бірқатар келіспеушіліктер туындап жатқанға ұқсайды. Сондықтан осында айтылған мәселелердің барлығы қоғам талқысына салынғаны жөн. Біз бұл жобаға қарсы емеспіз, егер игілікке жарап жатса, "Цифрлік Қазақстан" аясында жетілдіруге дайынбыз", - деді Б. Сағынтаев Үкімет отырысында.

Өз кезегінде БҒМ министрі Ерлан Сағадиев ілкі режимде енгізіліп жатқан "Күнделік" жүйесін пайдаланатын мұғалімдер саны 174 мыңнан асқанын мәлім етті. Оны 1,4 млн. оқушы, 854 мыңнан астам ата-ана қолданып отыр.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама