Photo: Joba Adewumi (https://www.pexels.com/@joba-adewumi-873649158) / Pexels
- 10 мам. 2026 16:30
- 28
Сәкен Майғазиевтің келіні Дубайдан абайка әкеліп сатады
Instagram желісінде жеке бренд тақырыбында контент жасайтын Динара Мырзажанқызы әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия туралы қызықты деректерді бөлісті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Динара Мырзажанқызының айтуынша, Әдия қазіргі таңда сән саласында кәсіппен айналысып, Дубайдан абайка үлгісіндегі киімдерді Қазақстанға әкеліп сатумен айналысады екен. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.
Әдияның жасы мен шыққан тегі
Динара Мырзажанқызының жазбасында жуырда Сәкен Майғазиевтің үлкен ұлы Әділеттің үйлену тойының дүркіреп өткені айтылған. Оның сөзінше, Әділет 27 жаста болса, келіні Әдия – 20 жаста. Келін Маңғыстау өңірінің тумасы болып шықты.
Әдияның сән әлеміндегі орны
Контент авторы Әдияның әлеуметтік желідегі парақшасын зерттеп, оның эстетикаға, сұлулық пен нәзік стильге ерекше мән беретінін байқағанын жеткізді. "Парақшасынан эстетиканы, әдемілікті жақсы көретіні байқалады. Ал кәсібіне келсек, Дубайдан абайка киімдерін алып келіп, Қазақстанда сатып жүр", – деп жазды Динара Мырзажанқызы.
Сонымен қатар, видео соңында Әдияның жеке және жұмыс парақшаларына шолу жасалып, оның әлеуметтік желідегі стиліне қатысты пікір білдірілді.