Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Сан есім
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: Нешеу сұрағына жауап беретін сан есімді табу. Оқушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.
1) Білімділігі: Сан есім және нешеу сұрағы туралы білімдерін қалыптастыру.
2) Дамытушылығы: Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
3) Тәрбиелігі: Сөйлей білуге, ойын айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, деңгейлік тапсырма.
Сабақтың көрнекілігі: Жазылған плакат, суреттер.

Сабақтың жүру барысы.
І Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ Үйге берілген тапсырманы сұрау.
1. Оқыту, сан есімді табу.
2. Қарамен жазылған сөздер неліктен бас әріппен жазылып тұр?
3. Қорыту, бағалау.
Вазадағы алмаларды санау арқылы есептік, реттік сан есімдерді қайталау.

ІІІ Жаңа сабақ.
Сан есім.
Бүгінгі сабақты санау білетін лақ туралы ертегіден бастаймыз. Кішкентай лақ санауды үйренеді. Санап жүгіріп келе жатып бұзауға кездеседі. Бұзауға айтады. Мен бірмін, сен екісің. Бұзаудың мамасын үш деп санайды. Бұқаға кездеседі. Мен бірмін, сен екі, сиыр үш, бұқа төрт, жылқы бес, шошқа алты деп санайды. Санағаны үшін лақты көлге дейін қуып келеді. Көлдің жағасында бір қайық тұрады. Онда ит, қой, мысық болады. Тауық айқайлап тоқтады. Бәрі қайыққа мінеді. Бір кезде қайық батайын деп тұрады. Қайық капитаны әтеш айқайлап кім санау біледі дейді. Лақ мен санаймын деп бәрін санайды. Қайықта барлығы нешеу? 10.
Демек, оқушылар сан есімдер нешеу деген сұраққа жауап береді екен.

ΙV Оқулық бойынша жұмыс.
409 - жаттығуды жазу.
Мақсаты: Нешеу сұрағына жауап беретін сан есімді табу.
1. Мұғалім оқиды.
2. Оқушы оқып санайды. Ең соңында шыққан оқушы жаттығуды тақтаға жазады. Суреттерін тақтаның алдына қою.
3. 2 - 3 оқушыға санамақ айтқызу.

V. Көркем жазу.
410 - жаттығу.
Мақсаты: 1. Әдемі жазу.
2. Деңгейлік тапсырма.
3. Салыстыру.
4. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама