Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сандарды цифрмен жаз (күнделікті сабақ жоспарлар топтамасы)
Математика 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сандарды цифрмен жаз.
Сабақтың мақсаты:
Сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын дамыту.
Ауызша қосу мен азайту дағдыларын бекіту.
Логикалық ойлауды дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, қайталау.
Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық

ІІ Мағынаны тану
№1
«Санда неше бірлік (ондық) бар?» ойын - жаттығуы.
Ойынның мақсаты: санның ондық құрамын анықтай білуге жаттықтыру.
Оқушыларға екі таңбалы және үш таңбалы санды атау, ал оқушылар карточканың көмегімен неше бірлік немесе ондық немесе жүздік екенін көрсетеді.
24, 257, 63, 652, 39, 875, 12, 658

№2
Мына сандарды бірдей қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсет.
12, 18, 20, 24, 32.

№3 «Қандай сан жоқ?» ойын - жаттығуы.
Мақсаты: сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту. Оқушылардың зейінін дамыту.
Тақтаға түсі, көлемі әртүрлі, әр бұрышқа шашыраңқы жазылған 1 - ден 20 - ға дейінгі сандары бар кесте ілінеді. Қандай сан жоқ екенін балалар табуы керек.
18, 2, 10, 9, 11, 20, 7, 4, 15, 12, 3, 16, 5, 19, 1, 13 Шешуі: 6, 8, 14, 17

№4
1, 2, 3 сандарын пайдаланып, екі таңбалы сандарды жаз.
Неше сан жаздың? Ең кіші санды ата. Ең үлкен сан ше? Ондығы бар, 1 бірлігі бар, 3 ондығы бар сандарды ата. Барлық осы сандарда қандай ұқсастық бар?

Математикалық диктант түрінде жүргізіледі.
Сандарды жаз.
4онд. 2бірл -------- 4онд ------------- 8онд. 5бірл.
3онд. 1бірл. ------- 2онд. ------------ 8жүзд. 4онд. 8бірл.
2онд. -------------- 1онд. 7жүзд ----- 6жүзд. 9бірл.

III. Толғаныс: Мадақтау
Сандарды цифрмен жаз жүктеу
Кім жүйрік жүктеу
Өрнек құр, мәнін тап жүктеу
Жақшасық өрнектер жүктеу
Салыстыру жүктеу
Есепті екі тәсілмен шығару жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама