- 17 там. 2021 00:00
- 161
Сарысу ауданы жоғалды
Сарысу ауданы Жер комиссариатының директивіне мойынсұнатын емес. Бірақ Жер комиссариаты бұған шара қолданбады. Тек кабинетте отырып, Сарысудың аудандық жер бөлімінің қызметкерлеріне ұрысумен күнін өткізді. Оларға тағылмаған оппортуншылдықтың түрі қалған жоқ. Тек Жер комиссариатының қолын кесіп отырған нәрсе — Сарысу ауданының қарасы көрінбейді. Егер де Сарысу ауданы Алматының бір жерінде болса, Бырдин Сарысу оппортуншылдарының мұрнына ұқсатып тұрып қойған болар еді. Не пайда, Сарысу ауданы қашық.