Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Сатай батырдың алғашқы олжасы

Бірде Сатай, Жәментік би, Бөлтірік атты бала үшеуі Дәулет деген байдың үйіне қонаққа барады. «Сатай батыр, қал-жағдайың қалай?» — деп Дәулет құрақ ұшыпты. Алдарына әкеліп сары қымызды сапырыпты, бір кезде қасынан онша қашық емес жерде жатқан шөмішті алып, Бөлтірік бала қолтығына тығады. Дәулет бай балаға қарап күліп:

— Балам, ұнатсаң, ала ғой.

— Астауымен бермеген шөмішіңізді қайтемін, — деп Бөлтірік шөмішті далаға лақтырыпты. Сөзге тұрған керемет заман ғой, Дәулет бай бір сөзге келмей Бөлтіріктің қанжығасына астау мен шөмішті қосып байлап беріпті. Былай шыға бере Жәментік би:

— Бала, алғашқы олжаңды бізге бер, — дейді. Сатай батыр биге жалт қарап:

— Ей, Жәментік! Бұл сенің даудан тапқаның емес, менің жаудан тапқаным емес, баланың бірінші олжасы — өзінікі, — депті.

Оқуға кеңес береміз:

Жалаңтөс батыр

Елшібек батыр туралы

Көкбөрі Керней Жарылғап батыр


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама