Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Конспект
Сәндік қолданбалы өнер орта ғасырдың дамыған кезінде өркендей бастаған. 11 - 12 ғасырларда ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісінде оюланған кірпіштер – терракота кеңінен қолданылды. Керамикаға оюлап жануарлардың бейнесін салу орын ала бастаған. 10 - 12 ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған. Бұл құрылыс жүйелерінің салынуына ислам дінінің нығая бастауы себеп болды. Бұл кездегі ғимараттар – мешіттер, кесенелер, мазарлар, моншалар. 10 ғасырдағы араб - парсы деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттер болғандығы айтылған. Тараз қаласының батыс жағында, 18 км жерде Бабаджа - қатын, Айша - бибі кесенелері орналасқан. Бұл екі кесене – алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштер. Отырар моншасының жобалануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шығыстың моншаларына ұқсас болып келеді. Тараз қаласынан екі монша табылған. Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің жанында шығыс моншасы салынған. Сонымен, орта ғасырдың дамыған кезінде архитектуралық сәнділігімен ерекшеленетін құрылыстар – шығыс моншалары болып табылады.
Конспект сұрақтар
1. Қазіргі кезде мұражайға айналған шығыс моншасы орналасқан қала:
2. Тараз моншасындағы бөлмелер саны:
3. Жобалануы жағынан Орта Азияның, Кавказдың моншаларына ұқсас монша:
4. Айша - бибі кесенесінің күйдірілген кірпіштен қаланып, сақталған бөлігі:
5. Бабаджа - қатын кесенесі салынған мерзім:
6. Бабаджа - қатын, Айша - бибі кесенелері орналасқан жер:
7. Құйрықтөбе қаласынан табылды:
8. Жетісу халқы жаппай мұсылмандыққа көше бастаған кезде салынған мешіт:
9. 10 - ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттердің болғандығы туралы жазылған дерек:
10. Сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған кезең:
11. Арыстан бейнесі салынған терракота табылды:
12. Ғимараттарды өрнектеуде қолданылатын оюланған кірпіштер:
13. Алаша хан кесенесі Қазақстанның қай аймағында орналасқан:
14. Қ. А. Иассауи ғимаратының қасында орналасқан Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі кімнің ұрпағына арнап салынған:
15. Қай кесене Төменарық кентінің солтүстік - батысында 8 шақырым жерде орналасқан:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама