Сезім мен эмоция туралы мәлімет
Сезім — айналадағы заттар мен құбылыстардың адам қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінен туындайтын жан қуаты. Қажеттердің өтелу жағдайына қарай адамдарда әртүрлі (ұнамды, ұнамсыз) сезімдер пайда болады. Қуаныш, қайғы, ашу, ыза, құмарту, шошыну, наздану, қорқу, қайғыру, үрейлену, т.б. — сезімнің эмоция деп аталатын қарапайым түрлері. Адамдардың тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты олар түрлі деңгейде көрінеді. Адамның органикалық қажеттері мен инстинктеріне байланысты қарапайым, өткінші эмоциялардан (күлкі, жылау, т.б.) мұның күрделі түрлерін (аффект, көңіл, құмарлық, стресс) ажырату қажет. Эмоциялардың бәр-бәріне ортақ белгі — олардың ситуациялығы, яғни нақты жағдайға орай туатындығы, сондай-ақ түрлі мәнерлі қозғалыстарға (бет, дене, қол, т.б.) бай келетіндігі.
Сезім — тікелей ми қабығы жартышарларының жұмысы болса, эмоциялар — көбінде ми қабығы астындағы аймақ пен ми бағанасы бөліктерінің (сопақша, ортаңғы аралық, т.б.) қызметінен туындайды. Адам сезімдері мен эмоциялары қашанда тарихи-әлеуметтік сипатта болады, оның мазмұнын қоғамдық болмыс белгілейді. Жануарлар эмоциясы — биологиялық реакциялардың жиынтығы, рефлекстер тізбегі, инстинктер комплексі болып табылады. Сезімдер мен эмоцияларға бірнеше ерекшеліктер тән. Олардан қарама-қарсы полярлық сапалықтарды (сүйсіну-сүйсінбеу, шаттық-уайым), жігерлі, жігерсіз, қозу және кернеуден босану, яғни шешілу, т.б. сиякты көріністерді байқауға болады. Сезімдерден адамның дүниетанымы, өмір позициясы жақсы аңғарылады. Алға қойған мақсат жолында, өмір үшін күресте күшті, жігерлі сезімдерсіз табысқа жету қиын. Тыныс-тіршілігі солғын, селсоқ адамдардың көздеген мақсаттарына жетуі қиын. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, ал ұнамсыз нәрселерді барынша жек көріп отыруы қажет.
Адам эмоцияларының ішінде оның күрделі түрі — көңілдің алатын орны зор. Көңіл — адам мінез-құлқына белгілі реңк беріп, одан біраз уақыт бойына байқалатын жалпы эмоциялық жағдай. Көңіліне қарап адамдарды шат-жайдары, жылы жүзді, түсі суық, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат береді, ондай кісі оптимист болады («Сырдың суы сирағынан келмеу»), ал уайым-қайғы кісіні кейде жүнжітіп, жабырқатып жібереді. Көңіл ылғи да сыртқы, (шкі әсерлерден туындайды. Мәселен, адамның қызметі жақсы, ұжымы ынтымақты, отбасы жарасымды болса, мұндайда оның көңілі де көтеріңкі болады. Адамның денсаулық жағдайы да (ауру-сырқау), жүйке жүйесіндегі ерекшеліктер де көңілге біраз әсер етеді. Тіршілік үшін маңызды да, мәнді нәрсенің бәрі көңілге ерекше із қалдырады. Егер адамның көптен әйналысып жүрген ісі оңға басса, не орындалса (жоғары оқу орнын бітіру, жақсы кызметке орналасу) ондай кісі шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, кісі сәтсіздікке ұшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, кейде жанын қоярға жер таба алмай қиналып, мазасызданады. Осы жөнінде халқымыз: «Көңілсізден күлкі шықпас», «Адам көңілден азады» деп тауып айтқан. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмұны бай, ұстаған идеясына сенімі мол адамдар қандай ауыр жағдайларда да өздерін кетеріңкі, сергек ұстайды. Көңілді меңгере білу — кімге де болса аса қажетті сипат. Бұл, әсіресе, мұғалімге ауадай қажет. Шәкірт атаулының ұстазының қасы мен қабағына қарап отыратыны белгілі. Мұғалім көңілсіз, кірбің жүрсе, мұның оқушыларға қолайсыз әсер ететіні хақ. Бұп жөнінде де халқымыз ежелден-ақ: «Қабағы жаманның сабағы жаман» деп дұрыс айтқан.
Тек адамға ғана тән жоғары сезімдерге имандылық, рухани адамгершілік, эстетикалық, интеллект сезімдері кіреді. Қоғамның накты талабына сәйкес адам мінез-құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі — адамгершілік сезімдері. Бұл өте кең мәнді сезім, мұның мазмұнымен қатар құрылымы дә күрделі келеді. Бұлар ең алдымен қоғамдық мәнді және жеке көңіл — күйге байланысты екі топқа бөлінеді. Бұл екеуі бір-біріне қайшы келіп қалуы да мүмкін. Бірақ сана-сезімі жетілген, көзқарасы мен сенімі қалыптасқан адамда мұның біріншісі басым болып отырады. Мәселен, осындай сезімдердің тобына ұлтжандылық, достық, жолдастық, адалдық, шыншылдық, ар-намыс, парыз, борыш жауапкершілік, ұят, т.б. жатады. Кісінің өмір сүріп жатқан қоғамы, оның ұжымдағы орны, нақтылы іс-әрекеті бұл секілді сезімдердің мазмұнына елеулі әсер етеді. Егер адам қоғамдағы белгілі ережелерді бұзса, бұған қатты қиналады да, оларды орындап журсе — оған масаттанатын болады. Мәселен, «Өлімнен ұят күшті», — дейтін тіркес осы айтқанымыздың айғағы. Білімі, тәжірибе-тәсіліне қарай адамның ұялу дәрежесі де әртүрлі болады. Надан, сөзі мөн ісі парықсыз кісі өзінің әдепсіз қылығынан айылын жимаса, білікті, мәдениетті, кепті көрген кісі мұндай қылықтан қатты ұялады. Жоғарғы сезімдердің екінші бір түрі — эстетикалық сезімдер. Бұлар шындықтағы нағыз сұлулыкты сезіне білуде байқалады. Бұл текті сөзімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріністерді тамашалау немесе табиғаттағы, өнердегі және өмірдегі шынайы әсем нәрселерден (сурет полотнолары, кескін, сәулет өнері, музыкалық немесе сахналық шығармалар) — олардың шебер орындалуынан ләззат алуға байланысты да туындап отырады. Мәселен, «жақсы ән мөн тәтті күй», яғни жақсы музыкалық әуен адамның эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына ерекше ықпал ететіндігін ақын Мағжан Жұмабаев былайша сипаттайды: «Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сулу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздыктан тыйылуына көмөк көрсетеді»,- десе, Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Халықтың арғы-бергісін қозғап, естеріне түсіріп, мұң-мұқтажын зарлап кем-кетігін керсетіп, әдемі дауысымен құйқылжытып тұрғанда қандай тас кеңіл болса да жібімеген еркіне қоймайды. Халықтың қайдағы-жайдағысы ойына қозғалып, түсіп, қандары қайнап тіпті арқалары қызып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жас моншақтап, бойлары балқығандай, шартта-шұрт қол шапалақтасып тарқайды», — деген еді.