Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға Шәкәрім шығармашылығының табиғатын таныту, Шәкәрім тұлғасын толыққанды қарастыруға күш салу.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу.
3) Дамытушылық: Оқушылар дүниетанымын кеңейту, ой ұшқырлығына баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың типі: аралас сипатта
Әдістемелік шешім: әңгіме сұхбат, түсіндірмелік, өзіндік жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайдтар.
Жабдықталуы:
1. Шәкәрімтану мәселелері. 2 том. Алматы. 2007 жыл.
2. «Ш. Құдайбердиев» (методикалық нұсқау). Алматы. 1989 жыл.
3. Ж. Ахметова. « Шәкәрім және фольклор»
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. № 5 - 6. 1998жыл. 87 – 93 бет.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, танысу.
Шәкәрім қажының өмірі бойынша өткен материалдарға пысықтау жүргізу.
- Балалар, қазақ халқының рухани, мәдени, әдеби өмірінде өзіндік із қалдырған асыл тұлға, сөз өнерінің өрен жүйрігі, даналық ойдың дара зергері, әмбебап талант иесі Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы туралы қандай мағлұматтар білесіңдер?( оқушылардың жауабын тыңдау).
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Компьютерден Шәкәрім қажының өміріне байланысты гипермәтінді тыңдау.
2. Өміріне байланысты суреттерді слайдтардан көру.( 5 слайд)
3. Оқушыларды «Сіз білесіз бе?» ақпараттық мағлұматтармен таныстыру.(Слайдтар арқылы)
1 - слайд. Шәкәрім - Меккеге барып, қажы атанған адам.
2 - слайд. Шәкәрім өз заманында ойшыл азаматтардың бірі атанған. Мекке сапары Шәкәрім үшін діни сапар ғана емес, ілім іздеу жолы болды. Ол аса бай Стамбул кітапханасында болады. Египеттегі Александрия кітапханасына қызмет еткен ғалымдардан сұрап, керекті кітаптарды жаздырып алады.
3 - слайд. Шәкәрім тарихпен де айналысады. « Меккенің де, Мединенің де тарихтарын ақтардым», - дейді өзі. Бұл саладағы басты еңбегі – «Шежіре»
4 - слайд. Шәкәрім түйеқарын өсімдігін қайнатып, қойылтып, оған ашудас қосып, қолдан сия жасай білген, өзі сол сиямен жазған.
5 - слайд. Шәкәрім төрт тілге жетік болған: орыс, араб, түрік, парсы.
6 - слайд. Шәкәрім өз тұсындағы құсбегі, мерген, аңшы болған.
7 - слайд. Шәкәрім геометрия заңдарын үйренген, тік үшбұрыштың есебін білген.
8 - слайд. Шәкәрім Л. Толстойды өзіне ұстаз тұтқан, онымен хат алысып тұрған.
4. Шәкәрімнің жұмбақтарын шештіру.
1. Тамам сөзді сөйлейді, сөйле десе,
Етінен ет кесемін сөйлемесе
Айт десем, айтпайтұғын жауабы жоқ,
Сүйгенімді сөйлеттім әлденеше.
2. Бір нәрсе жұртқа мәлім, көзден ғайып,
Ұстауға еш болмайды, қолдан тайып.
Не сынап, не түстеуге ұқсамайды,
Кейде көп, кейде кетер тіпті азайып.
5. Деңгейлік тапсырмалар орындау 1, 2, 3, 4 – деңгейде беріледі. 1 – деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, бұны орындауға барлығы міндетті. 2 – 3 – деңгей бірте – бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал 4 – деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды. Әрине, барлық оқушылар 4 – деңгейді түгел орындап шығады деген артық. 1 – 2 деңгейді түгел жуық орындайды да, озат оқитындар алға кетеді.
Деңгейлік тапсырмалар:
І. Шәкәрімнің өмір жолы. Бірінші деңгей – білімнің минималдық шегі.
ІІ. Алгоритмдік саты. Өлеңін талдау. Екінші деңгей – оқушының шығарманы түсінуі, ұйқас, тармақ, бунақ, буын, троп түрлеріне талдау.
ІІІ. Эвристикалық саты. Өлеңдерін жатқа айту. Үшінші деңгей – осы өлең ұйқасына салып, өлең құрау.
ІV. Шығармашылық сатысы. « Мен таныған Шәкәрім» ( шағын ой толғау).
Төртінші деңгей – дарынды, ізденімпаз, қабілетті оқушыларға арналған. Мұнда оқушылардың сөздік қоры, ой ұшқырлығы бағаланады.
Сабақты бекіту. Ұлы Абай әйгілі «Ескендір» поэмасын «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» деген жолмен бастағаны белгілі. Біз бүгінгі сабағымыздың қорытындысында осынау өлең жолын «Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?» деп, сәл – пәл өзгерте қолдансақ... Білсек, кім деп білеміз?
«Топтастыру» стратегиясымен жұмыс:
Қорытынды. Иә, Шәкәрім, ең алдымен, ақын. Ақын болғанда да, XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі тұлғалы ақын. Өз халқының болашағы үшін жанын ауыртып, тұйықтан шығар жол іздеумен болған. Келешек жастарға үлкен үмітпен қарап, сенім білдірген. Сондықтан сабағымызды Шәкәрім атамыздың өз сөзімен қорытындылаймыз.
« Адам үшін – еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағанын қалап ал,
Мұрам сол, жастар, бергенім!»
Үйге тапсырма. Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы туралы оқу. «Еңлік - Кебек» поэмасының мазмұны.
Оқушыларды бағалау.