Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шымкентте ұстаздар тест тапсырып жатыр

Шымкентте ұстаздар тест тапсыруды бастады. Мұғалімдердің білім деңгейін тексеретін сынақ нәтижесінде жоғары балл жинағандар пәнаралық олимпиадаларға іріктеледі. Ал, төмен балл жинағандарға тағы бір мүмкіндік беріледі.

Қазіргі таңда шым шаһарда 14 мыңдай ұстаз бар. Мектептерде кезекті демалысты пайдаланған сала басшылары ұстаздарды тестілеуден өткізуде.

Қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, тест қортындысы бойынша жиналған балл көрсеткіштері ұстаздардың жұмысына еш әсер етпейді. Бұл шара тек үздіктерді іріктеп алудың заманауи әдісі ғана. Сынақта әр ұстаз тек өзінің пәніне қатысты сұрақтарға жауап береді. Себебі, бүгінгінің білім қызметкерлері үнемі шеберлігін шыңдап, біліктілігін арттырып отыруы қажет. Тестілеу кезінде ұстаздардың басым көпшілігі жоғары нәтижеге қол жеткізіп, өз білімдерін дәлелдеп шықты. Ал, төмен балл жинағандарына тестті қайта тапсыруға мүмкіндік берілетін болды. Егер екінші рет сыннан өте алмаса, орнын босатуы тиіс болады.

«Жасыратыны жоқ, кейбір жоғарғы оқу орнын бітіріп келген ұстаздар талапқа сай келмей жатады. Кешегі қорытындыны қарасақ, ең төмен нәтиже көрсеткендер бар. Өте төмен балл жинаған ұстаздар білімдерін жетілдіре алмаса, жұмысынан кетеді деп ойлаймын»,- деді Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева.

ҚазАқпарат


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама