Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шын мәнінде өмір сүретіндері күмән тудыратын мөлдір тіршілік иелері

Жер бетінде сыртқы көріністерімен басқаларынан ерекшеленетін мыңдаған тіршілік иелері өмір сүреді.

Шыны асшаян

Елес асшаян деген атпен де белгілі бұл тіршілік иесі шаян тектестердің барлығы сияқты тұщы суда мекендейді және қоқыстармен қоректенеді.

Опистопрокт балығы

Бұл балықтың көздері жарыққа өте сезімтал болып келеді. Оған қоса, опистопрокттың сұйықтыққа толған мөлдір басы да оны басқа балықтардан айыратын ерекшелігі болып табылады. Балықтың көздері ашық жасыл түсті линзалармен көмкерілген. Қорегін іздеу барысында жоғары жаққа қарайтын көздері (фотода көрсетілгендей) табылған қорегін жеу барысында дәл алдына қарауымен де ерекшеленеді. Балықтың аузынан сәл жоғары орналасқан және екі көзі ретінде қабылдануы мүмкін түсті дақтары оның иіс сезу түйсігі екен.

Тасбақа қоңыз

Бұл қоңыздардың бірнеше түрі бар, алайда олардың бәрінің бұлыңғыр дақтары бар мөлдір сауыттарының болатындығын айту қажет.

Шыны бақа

Шыны бақалардың да бірнеше түрі бар. Олардың барлығы Орталық және Оңтүстік Американың тропиктік ормандарын мекендейді. Олар қозғалмай отырғанда, айналаларындағы жыртқыштар үшін мүлдем көрінбейтіндігімен ерекшеленеді.

Грета Ото

Шыны көбелек ретінде де белгілі бұл тіршілік иесі Колумбия, Боливия, Перу мен Эквадор ормандарын мекендейді. Грета Ото бірнеше сағат бойы гүлде отырып, оның балшырынымен ұзақ уақыт бойы қоректенуге дайын.

Ақ қанды балықтар

Қолтырауын мұзбалығы (Crocodile Icefish) ретінде де белгілі ақ қанды балықтар Антарктикада мекендейді және қаны мен денелері түссіз болғандықтан, олардың сыртқы көрінісі де түссіз болып келеді. Мұзбалық қызыл қан жасушалары мен гемоглобин ақуызы жоқ жалғыз омыртқалы болып табылады.

Сальпа маджоре

Суды өзінің ас қорыту органдары арқылы өткізе отырып, фитопланктонмен қоректенетін және мұхит бетімен қозғалатын сальпалардың бір түрі. Сальпалар өздерінің ғажайып бір өзгешелігімен ерекшеленеді: олар жеке бір ағза ретінде де, бір үлкен азаның бөлігі ретінде де өмір сүре алады.

Мөлдір теңіз қияры

Бұл өзгеше тіршілік иесі мұхит түбімен жорғалап, су түбіндегі өзі үшін құнарлы азық болып табылатын азық түрлерін жейді. Қармауыштары қысқа болғандықтан, «қиярдың» қозғалыс жылдамдығы минутына 2 сантиметрді ғана құрайды.

Кранхиидтер

Шыны кальмарлар атымен де белгілі кранхиидтердің 60-қа жуық түрі бар. Олар өмірлерінің көп бөлігін таяз суда күннің көзі жақсы түсетін жерлерінде өткізеді, себебі олардың мөлдір сыртқы келбеттері мұндай таяз суда мүлдем көрінбейді.

Медузалар

Кейбіреулерінің қармауыштары улы болып келетін медузалардың суда жүзушілер үшін өте қауіпті болып саналатын мөлдір және жартылай мөлдір түсті көптеген түрі бар.

Үлкен калифорниялық скат

Олар өте үлкен көлемге дейін өседі. Егер жақындай алсаңыздар, олардың бозарған терілері арқылы ішкі органдарын көре аласыздар.

Мөлдір амфипода фронима

Бұл кіші-гірім асшаянның дене көлемі 2,5 см құраса да, ол өз қатыгездігімен ерекшеленетін тіршілік иелерінің қатарына енеді. Оның сыртқы келбетінің мөлдір болғаны соншалық, ол қоршаған ортаның түсімен араласып, олжасына қысқаштарымен кенеттен жармаса кетеді екен.

Теңіз періштесі

Теңіз шайтандарымен қоректенетін жыртқыш құрсақаяқты ұлулар болып табылады. Олар өздерінің сыртқы көріністерімен покемондардың жаңа екі түрінің – Phione мен Manaphy түрлерінің шығуына негіз болыпты.

Шыны жайын

Азиялық мөлдір жайын әлемдегі бізге белгілі омыртқалылардың ішіндегі ең мөлдірі болып есептеледі. Ол Таиланд, Малайзия мен Индонезия жағалауларының бойын мекендейді.

Мөлдір шырышты ұлу

Gaeotis flavolineata – өте қысқа денелерімен ерекшеленетін бауыр аяқтылар. Олардың дене көлемі шамамен оқ көлемімен тепе-тең келеді екен.

Mnemiopsis leidyi

Вертикалды айдарларының төрт қатары бар және теңіз грек жаңғағы атымен белгілі мнемиопсис тарақтылары доғал әрі мөлдір дене бітімдерімен ерекшеленеді. Олардың айдарлары кемпірқосақ түстерін көрсете алады, ал желе тәріздес денелеріне зақым тигенде, көк-жасыл түсті сәуле таратады екен.

Шыны сегізаяқ

Бұл ұлудың желе тәріздес денесі толықтай дерлік мөлдір болып келеді және ішкі органдарының кейбірін санамағанда, оның бояғыш пегменттері мүлдем жоқ екен. Ұлудың денесінің мөлдірлігі соншалық, оның ас қорыту жүйесі мен аса үлкен көлемімен ерекшеленетін миын байқауға болады екен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама