Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 сағат бұрын)
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман»
Сабақ атауы Тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман»
Сілтеме Қ. Әбдезұлы, Г. Д. Рыскелиева, С. Ч. Тұрсынғалиева;
8 - сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы; 100 - 106 - бет; Слайдтар;
Сабақ жоспары
Жалпы мақсаты
- ХІХ ғасыр өкілі Шортанбай Қанайұлының өмірінен мәлімет алады. «Зар заман» өлеңінің мазмұнымен танысу, шығарманың негізгі тақырыбы мен идеясын ашу, ақынның өзіндік ішкі әлемін таныту.
- Оқушылардың өлеңге бүгінгі заман тұрғысынан қарап сөйлеуге, өзіндік көзқарасын білдіре алуға төселдіру.
- Оқушылардың бойында елжандылық қасиетін ұялатуға, батыл қадам жасай білуге, өз елін, жерін бағалай білуге үйрету.

Міндеттері:
1. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту.
2. Сабаққа оқушылардың өз білетін білімдері арқылы кіру.
3. Сабақ бойынша ой қорытынды жасауға, өзіндік тұжырым айтуға үйрету.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері:
1. Оқушылардың сыни ойлауын дамыту, басқалардың көзқарасын сыйлауға дағдыландыру.
2. Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтау, олқылықтарды сынамау.
3. Тақырыпты талқылауда белсенділікпен қатысуға үйрету.
Күтілетін нәтиже 1. Оқушылардың еркін ойлауын, дүниетанымының кеңіп, рухани өсуін іске
асыру.
2. Оқушының шығармашылық дамуына мүмкіндік туғызу.
3. Шығармадағы тарихи шындықты мойындау барысында оқушының өзіндік ой түйіндеуіне, қазіргі Қазақстан мен Ресей мемлекетінің қарым - қатынасы жайлы ой қозғау, бүгінгі заман көзімен қарау.
Тапсырмалар Қазақстан мен Ресей халқының достығы туралы интернет беттерінен материал жинақтау.
Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгеру, білік - дағды қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі Сыни ойлату, диалогтік оқыту, интерактивті әдіс
Көрнекілігі Интерактивті тақта; Шортанбай Қанайұлы туралы қосымша материалдар; формат қағаз, фломастер, маркер.

Мұғалім немен айналысады?
1 - слайд.
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.
Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, топқа бөлу.
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Алдымен, сіздердің көңіл күйлеріңіз қалай, соны білгім келеді. Ал, ендеше, көңіл күйімізді бәріміз бірге:
- Өте жақсы!
- Керемет!
- Тамаша!- деген сөздерді айту арқылы білдірейік.

Балалар, халықтың, мемлекеттің жұмылған жұдырықтай, өзге елдермен жақсы қарым - қатынаста болуы үшін ең басты не нәрсе керек, елді біріктіретін қандай қасиеттер?
- Олай болса, «береке, бірлік, ынтымақ» сөзін кезектесіп айтайық. Сол бойынша сыныпты топқа бөлу. /1, 5 мин/

Оқушы немен шұғылданады?
Оқушылар бүгінгі сабақтағы көңіл күйлерін білдіреді.
Елді біріктіретін ең басты не нәрсе екендігі жөнінде ойларын айтады.
«Береке, бірлік, ынтымақ» сөздерін айту арқылы топқа бөлінеді

2 - слайд. Үй тапсырмасын сұрау.
І тоқсанда өтілген тақырыптарға байланысты сұрақтар ұсыну./2мин./
Әр топ өздерінің неше сұраққа жауап бергендерін белгілеп отырады.

3 - слайд. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.
Жаңа тәртіп, жаңа заң енді елге
Бұқара бетбұрысқа көндігер ме?
Бейжай қарап қалмады бұлқынды ел
Қазағым, бұндай жайды енді көрме,- деген өлең жолдары арқылы қазақ даласында болып өткен қандай тарихи кезең жайында сөз қозғадым?
- Бүгінгі жаңа сабағымызда ХІХ ғасырдағы Ресейдің отарлау саясаты кезеңінде өмір сүрген Шортанбай Қанайұлының өмірі мен сол кезең тақырыбына арналып шығарған «Зар заман» өлеңімен танысамыз./0, 5 мин./
Оқушылардың жауабы тыңдалады.

4 - слайд. Мағынаны тану. Жаңа тақырыпты өз бетінше оқып меңгеру.
Топқа сұрақ:
І топ: «Әдебиетшілер» (сызба құру)
Шортанбай Қанайұлы кім? Өмірі туралы тоқталу.
ІІ топ: «Тарихшылар»(сызба құру)
Шортанбай өмір сүрген заман
Заман тақырыбына орай қандай шығармалар жазған?
ІІІ топ: «Зерттеушілер»(сызба құру)
Шортанбай шығармаларын зерттеушілер кімдер?
Сол кездегі ақындарды не себепті «Зар заман ақындар»деп атады?
«Зар заман»өлеңінің алғашқы жолдарын өзім жатқа мәнерлеп айтып беремін. Оқушылардың алдына сұрақ тастаймын:
- Ақын бізге өткен заманның келбетін қалай жеткізген?
- Заманның тарлығының белгісі өлеңнің қай жолдарында берілген? Өз сөздеріңмен түсіндіріп көріңдер.
- Заманның тарлығының белгісі қалай жеткізді? Одан халықтың қандай күй кешіп отырғанын аңғардыңдар?/9 мин./
Оқушылар әдебиет оқулығынан осы сұрақтардың жауабын іздеу барысында Шортанбай туралы қысқаша мәлімет алады?
Оқушылардан толық жауап алынғаннан кейін өлеңнің қалған бөлігін үш топқа талқылауға ұсыну

5 - слайд. Топтық жұмыс. Әрі қарай өлеңді сіздердің оқуларыңызда тыңдап, талқылайық.
Өлеңді үш топқа бөліп беру, топ болып талдау:
а) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
ә) Өлеңнің тақырыбы
б) Ақынның айтпақ ойы не?
в) Өлең жолдарында айтылған негізгі түйінге тоқталып, өз пікірлерін білдіру. Өлең
желісіне орай тақтадағы дайын тақырыпты таңдау.
г) Көркемдегіш құралдар: эпитет, теңеу
ғ) Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу. /9 мин./

Оқушылар берілген тапсырмаларды үлкен ақ бет қағазға орындайды, өз жұмыстарын қорғайды. Топтың барлық мүшелері белсене қатысып, өз үлестерін қосулары тиіс.

6, 7, 8 - слайд. Бейнебаян. Бейнетаспадан Қазақстан мен Ресей мемлекетінің қарым - қатынасына 20 жыл толғандығы жайлы көріністен үзінді көрсету.
- Балалар, бұл көріністен не көрдіңдер?
- Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым - қатынас қандай?
Қазақстан мен Ресей қарым - қатынасы туралы слайдтан кішкене мәлімет беру /5 мин./

Оқушылардың ойын білу. Пікір қалыптастыру.

9 - слайд. Сергіту сәті. Әр топ халықтар арасындағы достықтың үзілмеуіне қажетті құндылықтарды қимыл - әрекетпен айтып көрсету арқылы жеткізеді./2 мин./
Оқушылар достастық символын жасайды.

10 - слайд. Шығармашылық жұмыс. Оқушылардың өзіндік ой - пікірлерін қалыптастырып, белгілі бір тұжырымға келу мақсатында тапсырма ұсыну.
Тәуелсіз ел жастары ретінде мемлекетіміздің әлем деңгейінде көрінуіне өз жобамызды ұсынамыз. (Әр топ өз жобаларын ортаға шығып қорғайды)/7 мин./

Бұл тапсырма оқушылардың ізденістерін, өз бетімен шешім қабылдай алу мүмкіндіктерін арттырып, сенімділікке жол ашады.

11 - слайд. Ой толғаныс.
«Біз - қандай қиындық көрсек те іргесі сөгілмеген елміз»,«Қазақстан мен Ресей достастығы - берік те мықты», «Қазақстан - болашағы жарқын мемлекет»
/7 мин./
Оқушылар өздеріне берілген тақырыптар негізінде өздерінің ішкі түйіндерін қысқаша жазады.

12 - слайд. Бекіту сұрақтары:
- Бүгін біз қандай шығармамен таныстық?
- Бұл өлеңнің бұрынғы өлеңдерден ерекшелігі қандай?
- Ақынның ішкі жан дүниесі қандай?
- Сол замандағы ақындардың «Зар заман ақындары»деп аталу себебі неде?
Оқушылардың бүгінгі сабақтан түйген ойлары арқылы сабақты бекіту./1 мин./

13 - слайд. Бағалау. Оқушылардың алдарына бағалау парағы үлестірілді, сол бойынша топ басшысы өз тобының сабаққа қатысын талдап, оқушыларды бағалап шығады.

Оқушылардың алдарына бағалау парағы үлестірілді, сол бойынша топ басшысы өз тобының сабаққа қатысын талдап, оқушыларды бағалап шығады.
/3 мин./

Бағалау парағы

14 - слайд. Үйге тапсырма. «Зар заман»өлеңін мәнерлеп оқу. «Ресей халқының қазақ даласына қоныстануының пайдасы болды ма?» деген тақырыпта көзқарасын жазу. Майлықожа Сұлтанқожаұлы туралы қосымша іздену. /0, 5 мин/

Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне жазып алады.

15 - слайд. Қорытынды.
Міне, балалар, біз өз тәуелсіздігіміздің арқасында әділдікті жырлаудан тайсалмаған, батыл да қайсар ұлдарын терең тануға мүмкіндік алдық.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп пайымдаған. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Сарабдал саясатшы, көреген кемеңгер елбасы арқасында жасалған жарқын болашаққа жасаған жарқын қадам жолында еңбек етіп, өз үлесімізді қоса білейік. /1мин./

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама