Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шуақты көктем
Шуақты көктем

Келді көктем, шуақты арайланып,
Кезегін төрт мезгілдің ол да айналып.
Күн жылынып, өзен су, көлдер ағып,
Күн шуағы жер бетіне тарайды анық.

Күн шуағы тарады жер бетіне,
Сән жүгірді шырайлы келбетіне
Тәнті етіп өзіне көп суретшіні,
Ақындар жырмен қалам тербетті де.

Көктем, көктем, қандай әсем табиғатың,
Тіршілік бастауы боп жаратылдың.
Сол бастаудан қаншама тіршілікке,
Көгертіп, көркейтіп тез жан бітірдің.

Деп мен де өзіңе әр кез таңданамын.
Желегіне жайқалған айналамның.
Болсақ та қанашама таң - тамаша боп,
Марқаямын тылсымына бұл ғаламның.

Оқу, білім - азығым

Оқу, білім азығы әр адамның,
Оқу оқып әрдайым шаттанамын.
Ертелетіп киініп мектебіме,
Тез баруға күнде мен асығамын.

Сабақ оқу алдымдағы міндетім,
Тапсырманы үзбей айтып беремін.
Күнде 5 - тік баға алып ұстаздан,
Қуанышқа күнде - күнде кенелдім.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама