Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Шұбар тауық
Тақырыбы: Шұбар тауық
Мақсаты: Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.
Қамқор болуға, сыйластыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Көрнекіліктер
Мотивациялық - қозғаушылық - Бір - біріміздің қолымыздан ұстап, жақсы лебіздер білдірейік. Еліміз аман болсын! Анамыз аман болсын! Деніміз сау болсын! алалар, бүгін күн қандай?
- Күн ашық па? - Жылдың қай мезгілі? т. б.
Шұбар тауық туралы өлең оқып береді.
Шұбар тауық мүлдем
Жолатпайды барса.
Ұясында жүрген
Балапаны қанша?
Балапанын тауық
Қызғанады жаман.
Қанатымен жауып,
Санатпайды маған.
(Ұ. Есдәулетов).

Ұйымдастырушылық – ізденістік
Демонстрациялық көрнекілікті көрсету.
- Балалар, сендер білесіңдер ме?
Тауықтар қандай түсті болады?
Ақ түсті, қызыл түсті, шұбар ала түсті тауықтар болады екен.
Мен сендерге осы «Шұбар тауық» ертегісін әңгімелеп беремін.
Баяғыда бір әжей мен атай күнін әзер көріпті. Олардың жалғыз шұбар тауығы болыпты. Тауық бір күні алтын жұмыртқа тауыпты. Атай жұмыртқаны жерге ұрыпты, бірақ әлгі жұмыртқаны жара алмапты, әжей де ұрып – ұрып жара алмапты.
Бір тышқан зырылдап жүріп, құйрығымен қағып кетіпті, сол кезде жұмыртқа жерге түсіп кетіп, жарылып қалыпты. Атай мен әжей жылапты. Сонда оларды Тауық былай деп жұбатыпты:
- Жыламашы, аташым! Мұңаймашы, әжешім! Мен сендерге жылтылдаған алтын емес, ас болатын қарапайым жұмыртқа тауып беремін,- депті.
- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
- Онда, осы шұбар тауықтан алынған қауырсыннан «Қауырсынды үрлеу» ойынын ойнайық. (Шұбар тауық, қауырсын сөздерімен сөздік жұмыс жүргізіледі).
Шұбар тауық. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама