tengrinews.kz
- 04 мам. 2026 10:30
- 28
Шымкентте «Нұрболдың куәлігі» оқиғасы қайталанды: Алаяқ ұсталды
Шымкентте Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері экономикалық тергеу қызметінің қызметкері болып көрінген азаматты ұстады. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, оқиға 2025 жылдың қыркүйек айында болған. Күдікті өзін Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерімін деп таныстырып, компания басшысын 25 миллион теңге беруге көндірген.
Ақшаны медициналық мекемені тексеруге жататын ұйымдар тізімінен шығаруға көмектесу сылтауымен алған.
Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Нұрболдың куәлігі» оқиғасы
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың жазында қазнетте «Нұрбол куәлігі» есімді азаматтың видеосы пайда болған еді. Кейіннен бұл оқиға жалғасын тауып, Шымкентте полиция қызметкерінің видеожетоны ер адамның жалған куәлікті қолданғанын жазып алған.
Кейін, 2022 жылдың мамыр айында «Нұрбол куәлігі» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің атын жамылып, Каспий жағалауынан жер телімін талап еткен.