Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 01 мам. 2026 02:00
- 22
Шымкенттік журналиске пара ұсынғандардың видеосы жарияланды: «Екі камера қойып едім, алмай қойды»
Шымкенттік журналист Арай Есенбекке қатысты жаңа бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, жұртшылықтың назарын аударды. Кадрларда оны әдейі арандату әрекеті болғаны анық байқалады: бірнеше адам жасырын камера орнатып, журналиске қомақты ақша ұсынған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Пара ұсынылды, бірақ журналист қабылдамады
Видеода Жанна Байсейітова мен Мейірбек Төлебаев есімді азаматтардың қара сөмкеге салынған ақшаны журналистке ұсынғаны көрінеді. Алайда, Арай Есенбек бұл ұсынысты бірден қабылдатпай, ақшадан бас тартты. Ол өз ұстанымын нақты жеткізіп, «Сөмкеңе салып қой, мен алмаймын» деп жауап берген.
Арандату әрекетінің мән-жайы
Сөйлесу барысында Мейірбек Төлебаевтың сыртқа шығып, басқа адамдарға «екі камера қойылғанын» және журналист ақшаны алмағанын айтқаны да жазбада көрініс тапқан. Бұл жағдай журналистің әдейі арандатылғанын меңзейді.
Айта кетейік, бұған дейін 24 сәуірде сот шешімімен Арай Есенбек 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Журналистің бұрынғы қызметтері
Арай Есенбек бұған дейін түрлі медиа салаларында еңбек еткен. Ол «Хабар» агенттігінде, «Оңтүстік» телеарнасында (бұрынғы «Қазақстан-Шымкент»), «31 арнада» және «Азаттық рухы» басылымында тілші қызметін атқарған. 2020 жылы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы болып тағайындалып, кейін қалалық Ақпараттық коммуникациялар орталығын басқарды. Соңғы қызметтерінің бірі – «Amanat» партиясының Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық филиалындағы атқарушы хатшы лауазымы.