- 05 нау. 2024 01:27
- 134
Сын есім
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Мақсаты: Сын есім туралы теориялық білім беру. Заттың әртүрлі белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерін ажырата білу. Сауаттылыққа, жазу колеграфиясын, тілін жетілдіру.
Логикалық ойлау жүйесін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жемістер, азық - түліктер, ойыншықтар, кесте, плакат, топтама, тірек сызбалар, дидактикалық парақшалар.
Түрі: аукцион, жаңа білім сабағы
Әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, ауызша, жазбаша жазу жұмысы.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
1. Өткенді пысықтау.
ІІ. Негізгі кезең: Жаңа сабақ.
- Бүгін сөз табының бір түрі «сын есіммен» яғни заттың белгілерін байқап танысамыз.
- Мынау не? (алма)
- Түрі қандай? (қызыл)
- Көлемі қандай? (үлкен)
- Дәмі қандай? (тәтті)
- Иісі қандай? (жұпар иісті жағымды)
- Жем болғаннан кейін қандай баға бересіңдер? (жақсы піскен алма)
- Оны сапа дейді.
Сонымен алманың сындық ерекшеліктерін атадық. Осы ерекшеліктерді кестеден көрсетіп, сұрағын оқып, жауабын қалташаға салайық. Ереже шығару.
2. Кітаппен жұмыс 163 жаттығу орындау. Жұпар иіс сөзіне мәндес сөздерді табу.
3. 164 жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып, көшіріп жазу. Заттың түсін, дәмін білдіретін тағы қандай сөздер білетінін ататып, оларды сөйлем ішінде айтқызу.
4. «Сұр қоян» әнін әр түрлі қимылдар жасап айтқызып, ішінен сын есімді тапқызу.
5. 165 жаттығу. Графопроектордан мына мақалды оқып, жатқа жазайық. Мақалдың мағынасын түсіндіру: Жақсы сөзге жан семіреді
Жаман сөзден жан қорқады.
Сын есімдерді тауып, оның қай сөзбен байланысып тұруын сызбамен көрсету.
6. «Мақал, қуаласпақ» ойыны. 1 топ мақалды бастайды. 2 - ші топ жалғастырады. 3 - топ осы мақалдардың ішінен сын есімдерді тез тауып дәптерлеріне түртіп алады және оқып береді.
7. 167 жаттығу. Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жазу. Осы ережені терең меңгеру үшін, жаттығуды орындау үшін «аукцион» ойнаймыз. Сатушы (аукцион базарының тәртібімен таныстырады): Міне бір затты көрсетемін, сатып алушылардың қайсысы осы заттың сындық сапасын көбірек айтса, соған сатылады.
Үй, сиыр, көйлек, тамақ.
- Енді алған заттарыңды жоғары көтеріңдер көрейін. Білімдерің өмірге жарапты. Барлықтарың ұнаған заттарды алған екенсіңдер. Құтты болсын.
ІҮ. Сабақты қорыту. Сұрақтар қою. Бағалау. Үйге тапсырма беру.
Күтілетін нәтиже.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару жолдарын іздестіру барысында грамматикалық ойындарды жиі қолдану арқылы бала белсенділігімен ынтасын арттырудың нәтижелі болғанын байқадым. Ойлай отырып, ойнау оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын тудырып, өз еркімен ойлауға, тілін дамытуға және ізденуге жетелейді. Оқушы ертегі тыңдап өткен дыбысты есутге, тануға дағдыланады. Грамматикалық ойындар арқылы сөздің антонимін табуға үйренеді, жұмбақтар шешеді. Шашылған сөзден, буыннан сөздер құрауға үйренеді.