- 05 нау. 2024 01:29
- 170
Сын есім
Қазақ тілі
Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: сын есімдерді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету, сауатты таза жазуға дағдыландыру;
тапсырмаларды орындау арқылы, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, топтастыру, «Бес жолды өлең», кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт
Оқытушы мен оқушылар шеңбер болып, бір - біріне алма кезек гүл беріп, өз тілектерін білдіреді. Психологиялық сәттен кейін оқушылар аса сергектікпен сабаққа қатысады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Жаттығу жұмыстарын тексеру
(3 - жаттығу жұмысынан сұрақтарға жауап жазып, қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызғандарын тексеру.)
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.(Әр топқа сурет тарату). Суретке қарап суретте не көргендерін сұрау. Соның ішінен қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тапқызу.
Оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты деңгейде меңгергендіктерін тексеру.(кеспе қағаздардан сөздер құрау. Сол құраған сөздерге сұрақтар қойып, ол қандай сөз табы екенін сұрау )
2. Теорияны практикамен ұштастыру.
Оқулықпен жұмыс. 1 - жаттығу жұмысын жазбаша орындау. Өлеңді көшіріп жазу. Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыздыру.
Құшағы кең теңізден,
Аясындай гүл бақтың.
Аппақ сүтін емізген,
Қымбаттысы қымбаттың,
Анам қандай жақсы адам!
3. 2 - жаттығуда көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаздыру. Көп нүктенің орнына қойған сөздерге сұрақ қойғызу. Бұл сөздер қандай заттың атын білдіріп тұрғанын тапқызу.
Керекті сөздер: аласа, бұралаң, қызыл, жазық, жап - жасыл.
Тауға апаратын... жолмен келе жатырмыз.... төбелерден асып,... жерге жеттік.... гүлдер жайқалып өсіп тұр.... дала келбеті әжелеріміздің жасаған текеметіне ұқсайды. Қарасаң, көз тойғысыз!
4. 3 - жаттығу. Сын есімдерді оқы. Оларды мағынасына қарай топтап жаз.
Ащы, ала, үлкен, кіші, дәмді, күрең, қатты, жуан, қызғылт, мықты, сұр, тәтті, жіңішке,
тұзды, жұмсақ.
Түсі: ала,...
Дәмі: тұзды,...
Көлемі: жуан,...
Сапасы: жұмсақ,...
5. Ой толғау. «Санжұмбақ»ойыны.
Тақтаға сандармен берілген әріптер тізбегі ілінеді. Оқушылар жұмбақсөзді құрастырып, шешуін табады.
5 ә ----- 6 ы ---- 8 п ---- 15 е --- 9 а ---- 10 е --- 7 б ---- 14 а ---- 13 л --- 20 а
11 і ---- 34 ----- 2 д ---- 12 р --- 25 а --- 13 а --- 43 с --- 18 ------ 75 ----- 66 с
4 т ----- 50 л --- 60 б --- 36 а --- 3 л ---- 77 п --- 70 з --- 56 ы --- 17 о
22 б --- 1 д ---- 24 а --- 80 л --- 91 ә --- 21 і ---- 16 б --- 45 л --- 99 р
Шешімі: Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
6. Сергіту сәті.
7. 4 - жаттығу. Сөздердің қасына заттың атын білдіретін сөз тауып жаз. Сын есімдерге сұрақ қой.
Қара, жирен, сұр, таяз, жазық, биік, аласа, қызық, жүйрік, өткір, жаңа, мөлдір.
Үлгі: қара (қандай?) бояу, жирен (қандай?) ат, сұр (қандай?) қоян, өткір (қандай?) қайшы, жаңа (қандай?) киім, мөлдір (қандай?) су,...
8. Бес жолды өлең стратегиясы.
Гүлдер, гүлдер шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нұрланып.
Өлеңнен сын есімдерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.
9. Шығармашылық тапсырма.
Әрбір бала отбасы туралы шағын әңгіме жазу. Соның ішінен сын есімдерді тауып, сұрақтар қою.
10. Сабақты қорытып бекіту.
Сұрақ - жауап тәсілі арқылы сабақты қорыту.
11. Үйге тапсырма беру.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Сын есімдерді тауып сұрақ қаю.
12. Бағалау.