Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сырымның жерге айтқан сыны

Қазақтың Кіші жүз нәсілінен шыққан руы байбақты Сырым батыр Дат баласы Нұралы ханның орнына хан болғаннан кейін, Еділ-Жайықтың ішкі бетіндегі босып көшіп кеткен торғауыттың көп қалмағынан босап қалған ну қалыңдық жерге ел өткізуге ауаланып, осы жаққа келіп жер аралап көріп, Еділ бойынан Нарыннан Һәм қырғы өрден бірнеше орыннан құдық қаздырып, қайта көмдіріпті. Еділ бойынан қаздырып қайта көмген топырақ қазған орнының бетімен бірдей болыпты. Нарыннан қаздырып көмген топырақ орнына симапты, өрден өзен бойынан алған топыраққа қазған орны толмай қалыпты. Сонда Сырым былай сынаған екен:

«Мынау Еділді қоныс етіп жайлаған кісінің шаруасы бір қалыптан кемімес, мынау Нарынды жайлап қоныс еткен кісінің шаруасы жылдам өркендеп өсіп кететін жер екен, ал мынау өрде, яғни қатқылды жайлап қоныс еткен кісінің шаруасын өсіруге көп күш керек екен», — депті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама