Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 13 нау. 2026 15:00
- 24
Сиви Махмуди: Әкемнің көмегіне жүгінетін әншілер көп, бірақ кейбірі рахметін айтуды ұмытады
Әнші Сиви Махмуди өнердегі әріптестерінің кейбір әрекеттеріне ренішті екенін жасырмады. Ол бұл туралы берген сұхбатында айтты. Әншінің айтуынша, әкесі кезінде көптеген өнер адамдарына қолдау көрсеткен, алайда кейін олардың кейбірі жағдай сұрап келмей кеткеніне қынжылады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкеме барып көмек сұрайтын әншілер көп
«Әкемнің көмегіне жүгінетін әншілер көп. Кезінде талай әншіге көмектескен. Аттарын атамай-ақ қояйын. Бірақ кейін өзім “мүлде көмектеспеңіз” деп айттым. Сол адамдардың біреуі де жағдай сұрап келмеді. Ешкімнен ақша күтпейсің ғой. Тек әкем “тойға келіп ән айтып кетші” деп өтініш айтқанда телефондарын алмайтындары бар», – дейді Сиви Махмуди.
Әнші мұндай жағдайларға ашуланатынын да жасырмады. Оның сөзінше, кейбір адамдар тікелей әкесіне хабарласып, көмек сұрай береді. Бірақ олар Сиви арқылы емес, өздері нөмірін тауып алып барады екен.
Бұрынғы күйеуімен қарым-қатынасы
Сұхбат барысында Сиви Махмуди бұрынғы күйеуі мен балаларының қарым-қатынасы туралы да айтып өтті. Оның айтуынша, ажырасқаннан кейін балаларын іздеп келген бұрынғы күйеуімен кездесулерден кейін, балалардың өздері «біз шықпаймыз» деген шешім қабылдаған. Содан бері бес жыл бойы әкесімен мүлде кездескен жоқ, араласпайды, хабарласпайды, ешқандай көмектеспейді, тіпті алимент те төлемейді екен.