Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Сызықтық функция және оның графигі
Тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:
І кезең. Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта:
а) ұйымдастыру сәтін өткізеді;
б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі;
в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).

«Көпір» (жеке жұмыс)
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары
1. Бір айнымалы шаманың әрбір мәніне екінші айнымалы шаманың бір ғана мәні сәйкес болатын айнымалы шамалар арасындағы тәуелділік функция деп аталады.
2. Тәуелсіз айнымалы, функцияның анықталу облысы деп аталады.
3. Аргументтің үлкен (кіші) мәніне функцияның үлкен (кіші) мәні сәйкес болғанда функция өспелі функция деп аталады.
Аргументтің үлкен (кіші) мәніне функцияның кіші
(үлкен) мәні сәйкес болғанда ғана функция кемімелі функция деп аталады. 4. Функция формула арқылы беру. Функцияны кестемен беру тәсілдері. Функцияны графиктік тәсілмен беру.

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:
а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут);
ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

1 - қадам (топтық жұмыс)
Бос орындарға қажетті сөздерді жаз:
1. у=kx+в формуласымен (мұндағы х - тәуелсіз айнымалы, k және в қандайда бір сандар) беруге болатын функцияны сызықтық функция деп атайды.
2. y=кх+в сызықтық функцияның графигі түзу сызық болады.
3. Сызықтық функцияның графигін салу үшін екі нүктені белгілеп, олар арқылы түзу жүргіземіз. 7 •В
4. у=3x+4 үшін кесте құрамыз.

Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Сарыжаз ауылы, Сарыжаз орта мектебінің
математика пәні мұғалімдері Ж. Қожәлім
Сызықтық функция және оның графигі жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама