Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Сондағы қорыққаным-ай!

Бір күні осы Қарағандыда тұратын Салқымбаев Хұсайын деген кісінің үйіне өздерінің елде тұратын Рүстембай баласы Нашарбек деген замандасы келеді. Ол кісі кәзір осы Қарағандының батыс жағында Нұра ауданында тұрады. Ол кезде елге радионың таралмаған кезі. Қарағандының өзінде жаңа ғана орнатылған...

Етті алдарына жаңа ғана ала бергенде, төрде отырған қонақ Нашекеңнің көкжелкесінен радио сайрап қоя береді. Артына жалт қарайды, ешкім жоқ. Тек бір дөңгелек тарелка тұр. Сөйлеп тұрған да сол. Ет турауға ыңғайланып жазып алған бәкісі қолынан түсіп кетеді.

Қорыққанын сезген Хұсекең:

— Қорықпаңыз, бұл — радио. Мұны «радио» дейді. Жер-жерден хабар алып тұратын нәрсе.

— Ой, тоба-ай! Қорқып қалғаным-ше, — деп сүйсінгендіктен қолын кеудесіне қусырған екен.

— Айналайын, өкімет-ай, істемегенің болмады-ау! Алысты жақын қылдың. Қараңғыны жарық қылдың. Енді, міне, қара темірді қақылдатып, адамша сөйлетіп қойғаның, — деген екен.

Алдыңғы жылы дәм айдап, сол қарт біздің үйге бір келе қалғаны бар. Аппақ күмістей сақал-мұрты бар, бөкен қабақ, аласа бойлы, ақсары кісі екен. Радиоқабылдағышпен Индиядан концерт тыңдап отырғанда, өзінің әуелде радио сөйлеп қоя бергендегі қорыққанын есіне алып:

— Сондағы қорыққаным-ай! — деп ішек-сілесі қатқанша күледі.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама