Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Соңғы жекпе-жек

Орта жүз қазақтары жоңғар шапқыншылығынан біржола құтылып, жерлері жаудан тазарған кезде, Абылай, Төле би бастаған қазақтың жақсы мен жайсаңдары қалмақ хандығының тағына өздері ұнататын және қазақ халқына іш тартатын Әмірсана деген ноянды отырғызбаққа күш салып көріпті. Осы әрекеттердің ішіне Ескелді батыр да қатысып, неше дүркін қалмақ еліне барып қайтып жүріпті.

Бұл кезде Ұлы жүз, оның ішіндегі жалайырлардың жазғы жайылым-жайлаулары жаудан толық тазартыла қоймаған екен. Жоңғар қақпасына таянғанда Ескелді ханнан рұқсат сұрап, биік таулар Сартөр, Сарыжазық, Төлектің төрі атты жайлаулар арқылы алды Іле, арты Шу бойында жатқан еліне қарай бет түзейді. Шағын қолмен талай қиындықтарды көріп, Қызылауыз деген жерге жеткенде, сол арадан бір көш бойы
жердегі теріскейді алып жатқан еңселі тау мен ағынды өзеннің басында қалмақтардың жарты мыңдай қолының жасырынып жатқанын естиді. Оларды көрген Ескелділерден бөлініп, аң аулай шыққан Тәттібай мерген екен.

Алдымен елші салып көрсе, қалмақ қолын бастаған Шажа деген ноян болып шығыпты. Ескелді өзінің екі жүзге тарта шағын қолын төбе-төбелердің басына таратып, «арт жағымызда қалың әскер» деген үрей тудырыпты. Үлкен түменнен бөлініп қалған қалмақтар қазақтардан аман кетудің бірден-бір жолы жекпе-жек деп ұйғарса керек. Олар басына бұқаның мүйізін байлаған Шажа батырды шығарыпты. Ескелді батыр шойын шоқпарын сонда бірінші рет жұмсап, Шажаны бір сілтегеннен-ақ жан тәсілім еткізіпті дейді.

Батырлары өлген соң, басқалары аттарынан түсіп, тізе бүгіпті. Жеңілген мен жығылғандарды жұдырықтамау ол кездің қатаң ғұрпы екен. Есекең ешбір қалмаққа зәбір көрсетпестен, еліне қайтарып тұрып:

— Батырларың сендер үшін мерт болды. Соғыс даласында қаза болған мұндай жандарды қазақтар шейіт дейді. Мәйітін арқалап тегі кете алмайсыңдар, одан да ақ жауып, арулап осы араға жерлеңдер. Біз мына тау мен өзенді осы батырларың ның есімімен Шажа деп атайық депті, — дейді жарықтық.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама