Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
«Сөзмерген» сайыс сабақ
«Сөзмерген» атты ойын, сайыс сағаты

Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың қазақ тілі мен ана тілінен білімдерін байқау. Балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді жан - жақты болуға үйрету, логикалық ойлау қабілеттірін қамыту. Тұрақты сөз тіркестері мен мақал - мәтелдерді ажырата білуге, олардың мәнін дұрыс ұғынуға баулу, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық қадір – қасиетті тануға, шапшаңдыққа баулу, олардың озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар.
Жүрісі:(1. Ұйымдастыру.)
Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, тіл жанашырлары! Тіл мәртебесін көтеру - елдің мерейін үстемдетіп көкке шарықтату,«Қазақ» деген атқа лайық, қазақ екенін дәлелдейтін ұлттың сұлу да сазды, көркейген тілі болуы керек. Сол тілді биікке самғататын ұл - қыздары, жас ұрпағы болуы керек болса, сол ұрпақ алдарыңызда тұр.
Ендеше 4«Д» сыныбында ұйымдастырылған «Сөзмерген» атты ойын, сайыс сағатына қош келдіңіздер.
Қазақ тілі - бұл ана тіл, бұл ең көркем, бай тіл. Ол атадан балаға мирас болып келе жатқан құнды қазына. Ананың ақ сүтімен бойымызға сіңген ана тілі қай кезде де бізге қуат берері хақ. Тіл тарих айғағы. Туған тіл туралы жырламаған ақын, жазбаған жазушы жоқ шығар.
Өз егемендігін жариялап,«Қазақ» деген ұлтты бүкіл әлемге танытқан Елбасымыз Н. Назарбаевтың парасатты пайымдары, болашаққа деген жарқын көзқарас қалыптастырды.

Хормен:«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде».

1 - оқушы:
Ана тілім - Шежірем, Өсиетім,
Аз ба, көп пе, білмеймін, қасіретің.
Ата - баба түгілі кейінгілер
Анасының білмейді қасиетін...
2 - оқушы:
Туған бала бейшара кейуанадан,
Мойынсұнып тағдырға көнген аман.
Анасының тілінде сөйлемейтін,
Қалтыраған көлеңке, өлген адам.
3 - оқушы:
Ана тілім, ана сүтін ақтаған,
Оны Орхон, Енесейде сақтаған.
Құрта алмаған тіпті,"Алакөл сұлама"
Қорғаған ел «шұбырынды ақтабан».

4 - оқушы:
Болмақсың ба рухани Аралым,
Саған құймай қайда қаңғып қаламын?!
Бекінісім беріспейтін өліспей,
Ана - тілім ең соңғы ұлттық қамалым.
5 - оқушы:
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
6 - оқушы:
Тілімді арымдай сақтаймын,
Ділімді тексіз боп шатпаймын.
Құқымның пәктігін дәлелдеп,
Ұлтымның бай тілін жаттаймын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама