Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Спорт - өмір көркі
Тақырыбы: Спорт - өмір көркі.

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш.

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Негізгі бөлім
Құрметті мұғалімдер, оқушылар бүгінгі «Спорт - өмір көркі» сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа 2 сынып оқушылары қатысады.
Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!

- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
- Спорттық сайсымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
І. Кезең. «Секірпемен секіру.» Шарты: Секірпемен секіріп, тапсырманы орындау.
ІІ кезең: «Аққала»
Шарты:
1. Үлкен резеңкі доптың үстіне отырып секіріп жарысу.
2. Допты жерге ұрып жүгіру.
3. Футбол добын теуіп бару.
4. Допқа шелек кигізу.

ІІІ кезең: «Туннель»
Шарты: Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, орнына келеді.
ІV кезең: «Шайбалы хоккей»
Шарты: Әр ойыншы шайбаны клюшкамен итеріп кедергілердің арасынан жүгіріп өтеді..
V кезең: Самокат тебу.
Шарты: Самокатпен жүріп кедергілердің арасынан өтіп жарысу.

VI кезең. Мергендер. Шарты: Әр ойыншы үрленген шарды атады. Қанша шар жарғаны саналады.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз. «Алға» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас.
«Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.
«Қайрат» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны:
Салауатты өмір салтын сақтаймыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.
«Парасат» тобы: Парасатты, айбынды,
Боламыз біз сегіз қырлы, бір сырлы.
Әр кезең сайын әділқазылар өз бағасын береді.

ІІІ. Қорытынды бөлім:
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар,
-деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама