- 01 қыр. 2023 00:00
- 232
С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы “Sagadat Batyr - QTT” спорт клубы
Форумды ұйымдастырушы Алматы облыстық маслихат депутаты, С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы спорт клубының негізін қалаушы Нұрсұлтан Орынбасаров спортты кәсіби деңгейде дамытудағы форумның маңыздылығын айтты.
“Біз дамыған елдердегідей спортқа ғылым ретінде қарау керекпіз. Бұл мәселені әрине өзімен бастағаны дұрыс. Осыған орай бұл форумға Сағадат батыр спорт клубының бапкерлері мен спортшылары және ата-аналардың біліктілігін арттыру мақсатында басын қостық. Алдағы уақытта спортшылардың спорттық мәдениетін қалыптастыру үшін осындай форумдарды жиі өткіземіз”.
Спорт форумның модераторы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы “Sagadat Batyr - QTT” спорт клубының президенті Ерболат Сапарұлы келген қонақтарды таныстырып, жеке-жеке сөз тізгінін ұсынды.
Форумның басты спикерінің бірі Кувейттен арнайы келген қонақ спорт менеджері Абдулла Алдабоус “Спорттық медицина” тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай ақ, спорттық медия тақырыбын бойынша Иван Червинский мен PR маманы Серік Ноянбайұлы талдады.
Спорттық мамандықтар бойынша білім алу туралы Қазақ спорт және туризм академиясының проректоры Есқалиев Мұхтар Зайнолдаұлы өз ақыл кеңестерін айтып, жас спортшыларға бағыт-бағдар берді. Спорттық туризм туралы Грэплинг AIGA бойынша Алматы қаласы федерациясының Президенті Ақмарал Жарылқасынқызы Қанатбаева өз ойын ортаға салды.
Сонымен қатар ҚР қорғаныс министрі, Спорт комитеті орталық спорт клубынан әскери дәрігерлер полковник Кудроедов Сергей Анатольевич пен капитан Канжигитов Пернехан Берикович қатысты.
Жас бапкерлер мен спортшылар спикерлерге аталған тақырыптар аясындағы өздерінің сұрақтарын қойып, білім көкжиегін кеңейтті.