Студенттермен тәрбие жұмыстарының бағыттарын талқылау
Студент бойындағы шыншылдық, адалдық, мейірімділік, патриоттық, ұлттық, тұрақтылық сияқты рухани қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуын, қоғамда еркін сөйлеуін, өз ойын еркін айта алатын қабілетті ұл-қыз тәрбиелеу мақсатында пікір талас өткізу. Студенттермен тәрбие жұмыстарының бағыттарын талқылайтын мәселелер:
1. Рухани - адамгершілік тәрбие
2. Ұлттық тәрбие
3. Отбасы тәрбиесі
4. Еңбек және кәсіби тәрбие
5. Азаматтық - патриоттық, құқықтық тәрбие
6. Экологиялық, экономикалық тәрбие
7. Эстетикалық тәрбие
Рухани тәрбиесінде студенттерге өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі ұстау нормалары, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Студенттің адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Ұлттық тәрбие – бiздiң ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзетiн асыл қазынамыз. Қазiр елiмiзде орын алып отырған көптеген мәселелер бар. Олар: ана тiлiн, қазақ тарихын, ұлттық салт-дәстүрiн бiлмейтiн ұл қыздар, тастанды балалар, қарттар үйлерiндегi әжелер мен аталар, маскүнемдер, нашақорлыққа салынған жастар және тағыда басқа. Осы мәселелерді бiрте-бiрте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негiзгi жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ денi сау, ұлтжанды, бiлiмдi, кiшiпейiл ақылды, еңбекқор, сыпайы болып өседi. Ұлттық тәрбие – ел болашағы деп бекер айтпаған!
Отбасы тәрбиесі – отбасы тәрбиесімен әке мен ананың орны екі бөлек болады. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер деп қазақтың нақыл сөзі бекер айтылмаған! Отбасы тәрбиесінде ата ана мейірімділікке, адалдыққа, тазалыққа, оқуда білімді болуға,өтірік айтпауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет деп үйретуден жалықпайды. Және сонымен қатар отбасыда ұрпақ жалғастыру, дінді сақтау, некені бұзбау деген дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтауды үйретеді. Отан – отбасынан басталады!
Еңбек және кәсіби тәрбие - әр студенттің өмірдегі өз орнын өзі табуына және жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасау. Студенттерді еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін, еңбек ету шеберлігін және еңбекке жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы.
Азаматтық - патриоттық, құқықтық тәрбие – студенттерге отан алдындағы борышын түсіндіріп, ұлтшылдыққа үйрету және студенттің өз құқығын қорғауды, ар-намыс, тұлға болып қалыптасуды, тәртіптілікті, қоғамға және мемлекеттік билікке құрмет және сенім білдіруге, өзінің міндеттерін орындауды, патриоттық, құқықтық және саяси мәдениетте қоғам игілігіне еңбек ету қажеттілігіне тәрбиелеу.
Экологиялық, экономикалық тәрбие – студенттерді табиғатқа сүйіспеншілігін және оған жақсы қарым-қатынаста тәрбиелеу. Шаруашылықты жүргізу, өндірісті ұйымдастыру, тұтыну, принциптері мен ережелеріне қызығушылықтарын арттыру.
Эстетикалық тәрбие – қоршаған ортадағы әсемдік пен сұлулықты қабылдап, студенттердің эстетикалық сезімін, талғамын қалыптастыратын тәрбие.
Осы тәрбие жұмыстардың бағыттарын талқылап, бойына сіңіріп отырған студенттер ғана еліміздің болашағына нық сене алатын, отанын қорғай алатын, адамгершілікке бай, еңбек сүйгіш, тәрбиелі ұл-қыз болатына сенімдімін.
Қолданылған әдебиеттер
1. Тәрбие жұмысының әдістемесі С. Губашева, А. Отарбай, 2011. 244- бет
2. https://www.tarbie.kz/9086
3. Дүйсембінова Р. Қ. Кәсіби педагогика Р. Қ. Дүйсембінова, 2012. 348 - бет.
4. Тәрбие жұмысы әдістемесі пәні бойынша орта кәсіптік білім беру орындарына арналған типтік оқу бағдарламасы Т. Н. Сорокина, 2002. - 9 бет
Басшықызы Динара
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен
инжиниринг университеті