Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Су жүрек қоян мен есек

       (Мысал)

Қоян «қорқақ, қорқақ» деп

«Көлеңкесінен қорқад» деп.

Жұрттың сөзі тиген әбден жанына,

Қарсы шығып табиғаттың заңына,

Ер болуға, ер атағын шығаруға бекінді,

Осы ой оған сәл ертерек келмегеніне өкінді.

Содан кейін өз-өзіне риза боп,

Секең- секең секірді.

Сол күні ол бейтаныс бір алапқа қона кеткен-ді,

Мылтықты аңшыдан да, абалаған иттен де,

Қасқырдан да сескенбеуге серт берді,

Сөйтіп жатып көзі ілініп кеткен-ді.

Әлдененің тыпыр-тыпыр еткенін,

Естігенде шоқ басқандай есі шығып,

Ата тұрып белден асып кеткен-ді.

Ұмтылғандай секілденген көк бөрі

Төрт аяқты соқтықты әлденеге тап келді.

Демесін деп қоян менен сескенді:

-Кет, әрі кет,- деп айбат шеккен-ді.

-Сен кімсің, әй,

Өрісімнен кет дейтін!

-Мен бе қоян-ноянмын!-

Деген еді сұстанып.

-Әй, патшағар, жалғыз ауыз сөзіңнен

Қалдың бірден ұсталып,

Қоян деген су жүректі білуші ем,

Дір-дір еткен әдетіне күлуші ем,-

Деді дағы «Иха, ихалап»

Ақырды бір ышқынып.

Қорыққаннан

Қоянның жүрегі кетті жарылып.

Қояндар үшін

Батылдық жолы қалды жабылып.

 

     Сүлеймен Баязитов


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама