Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Сұраулы сөйлем
Тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Мақсаты: Сұраулы сөйлем туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау.
Өз бетінше жұмыс жасауға баулу, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Кез келген уақытта бір – біріне көмекке келуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: кесте, суреттер, сызба.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өзіндік.

Сабақтың барысы:
І. Психологиялық ахуал.
Қатар - қатар түзелік,
Оқушыға лайық,
Қолымызды жіберіп,
Түп - түзу боп тұрайық.

Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз.
Жақсы оқуға сабақты
Дайындалдық бәріміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
177 - жаттығу оқыту.
ІІІ. Білімдерін тексеру.
Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі.
Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ.
« Сұраған мен сұрау белгісі» өлеңін рөлге бөліп оқыту.

Сұраған: Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,
Саған осы не керек?

Сұрау белгісі: Маған ең алдымен,
Сұраулық шылау керек.
Олар жазылуға тиіс бөлек,
Екіншіден,
Сұрау есімдіктері керек.
Олар қатысқан сөйлемдер соңында
Ойланшы өзің, не керек?

Сұраулы сөйлем болу үшін сұраулық шылау, сұраулық есімдік керек дейді.
Бұл қандай сөздер?
Кім, не, қайда.... Міне, осы сөздер – сұраулық есімдіктер.
Анаңа көмектесесің бе? Сабаққа барасың ба? Далада жаңбыр жауды ма?
Сөйлемдеріндегі бе, ба, ма – сұраулық шылаулар.
Сұраулы сөйлем құруға сұраулық есімдік, сұраулық шылаулар қатысады екен.

Сұраулы сөйлем. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама