Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама
Биология пәні мұғалімі Рыскулова Арай Куттыбаевна

Биология 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілер класына жалпы сипаттама
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Ұрпағын сүтімен асырайтын сүтқоректілер класына сипаттама беру. Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылыс ерекшелігінің күрделенуі туралы түсінік бере отырып, салыстыру.
ә) Тәрбиелігі: Оқушыларды сүтқоректілер класының кейбір өкілдерін қорғауға тәрбиелеу
б) Дамытушылығы: Сүтқоректілер класының кейбір өкілдерінің ішкі және сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері туралы оқушы ойын дамыту, топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың шығармашылық ізденуге үйрету, ой - өрісін, ойлау қабілеттерін арттыру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақ өту әдістері: топпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, cұрақ - жауап, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық, плакаттар, буклеттер, суреттер, презентация
Пәнаралық байланыс: география, биология, анатомия, әдебиет

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, психологиялық дайындық

2. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларды топтарға бөлу: 1 топ - кенгурулер, 2 топ - дельфиндер, 3 топ - жарқанаттар, 4 топ - арыстандар
1. «Кім жылдам?» ойыны
1. Омыртқалы жануарлардың ұшуға бейімделген тобы
2. Зоология ғылымының құстарды зерттейтін саласы
3. Дүние жүзінде құстардың қаншаға жуық түрлері бар? Соның ішінде қазақстанда мекендейтін құстар саны
4. Құстардың дене температурасы
5. Құстар терісінің қосалқы бөлімдері
6. Құстар қаңқасы
7. Ұшатын құстардың төссүйегі не түзеді?
8. Сол жақ қарыншада не сақталған?
9. Жұмыртқа сарыуызының жоғарғы шетінде не орналасқан?
10. Құстардың қарны неше бөлімнен тұрады?

Әр дұрыс жауапқа 1 балл
2. а) Құстардың топтарын олардың құрылыс ерекшеліктерімен сәйкестендіріңіз:
Құстардың топтары
Үлгі:
1. Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар
ә) төссүйегі жалпақ, қыры болмайды
в) қанат қауырсындары доғалданған
ж) өте жылдам жүгіреді
2. Жүзетін құстар
а) алдыңғы аяғы ескекке айналған
б) теңселіп әрең қозғалады
ғ) суда жақсы сүңгиді
е) тұлғасының артқы жағындағы аяқтары қысқа, денесін тік ұстайды
к) суда жақсы жүзеді
3. Қыртөстілер
г) қаңқа сүйектері жеңіл болады
д) төссүйегінде жақсы жетілген қыры бар
з) қанаттары ұзын, сүйірленіп келген
Жауаптары: 1: ә, в, ж. 2: а, б, ғ, е, к. 3: г, д, з.

ә) Құстардың топтарымен олардың өкілдерін сәйкестендіріңіз:
Құстардың топтары
1. Сулы, батпақты жерлердегі құстар
2. Орман құстары
3. Ашық, далалы алқаптардағы құстар

Өкілдері
а) дауылпаз
ә) жапалақ
б) ұлар
в) дуадақ
г) тоқылдақ
ғ) шағала
д) бозторғай
е) бұлбұл
ж) қоқиқаз
з) суықторғай
к) бірқазан

Жауабы: 1: а, ғ, ж, к. 2: ә, г, д, е, з. 3: б, в.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама