- 17 там. 2021 00:00
- 213
Сводкамен күн көріп отырмыз
Қазақстан Жер комиссариатының мал шаруашылық секторы өлкеден шөп ору, шөп сүрлеудің барысын білмейді. Мұнан бірінші күні «ескі сводкаларды» біледі. Бұл сектордың барлық қызметшілері облыстан қашан «сводкалар» келедімен көзі талады. Облыстық жер бөлімдерінің қызметшілерінің жамандығына күліспеді. Бірақ не пайда, шынында кімге күйіп-пісуді білмейді.
Жер комиссариатының мал шаруашылық секторының начальнигі Бырдин былай дейді: «Күн көріп отырғанымыздың өзі тек қана сводка, ауданның хәлдерін білуге ешбір мүмкіншілік жоқ. Себебі аудандар өте қашық. Сосын, бұрынғы басшылықтың қателігін де әсер еткен болар. Я, сөйтіп сводкасыз түк айта алмаймыз. Бір бұрыннан жатқан сводкалар бар еді соны сендерге берейін. Онан бірсыпыра мәселені алуға болады» — деп адамның асты-үстіне түсіп барады.
— Сөйткенмен, шөп сүрлеуден не бітеді?
— Хатшы, бері қарай сводканы аттандыршы!
— Сіз Оңтүстік артта келеді дейсіз, сол Оңтүстіктің артта қалуының себебі не?
— Маған сводканы берші. Мінекей, сол Оңтүстік Қазақстаныңыз 240 ООО гектар шөп шапты. Ол жоспар бойынша 480. 200 гектар шөптен шабуы керек еді. Бұл облыстың артта қалуының себебі — Өлкелік партия комитетінің Голощекиннің басшылық жұмысындағы қателіктерінің салдары, тағы басқалар.
Шынын айтқанда, Жер комиссариаты шөп сүрлеудің барысын білмейді. Бірсыпыра облыстардың неге артта қалып отырғанын білмейді.
Өзінің қағазбастылығын, өздерінің тоңмойындықтарын өлкелік партия комитетінің ескі басшылығының қателігімен бүркегісі келеді.